Түркістанда үздік дәрігерлер марапатталды

Oinet.kz 18-06-2021

Бүгін Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай өңірдегі дәрігерлер марапатталды. Марапаттау кешінде біліктілігі және кәсібилігімен көзге түскен дәрігерлер «Үздік хирург», «Үздік терапевт», «Үздік акушер-гинеколог», «Үздік педиатр», «Үздік жалпы тәжірибе дәрігері, «Үздік медициналық мекеме» сынды 6 аталым бойынша марапатталды.

photo1624011175.jpegСалтанатты жиында «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Медицина ғылымдарының кандидаты, 94 ғылыми еңбектің авторы Мұқан Кеңесбекұлы (посмертно) марапатталды. Ол Арыс қаласындағы әскери бөлімде болған жарылыста  зардап шеккен азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсетуде штабтың төрағасы ретінде ерекше көзге түсіп, халықпен бірге бола білді. 

«Бүгінде бүкіл ел ұстамдылықты талап ететін күрделі кезеңді бастан кешуде. COVID-19 індетінің таралуы тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, елдің экономикалық және адами ресурстарының да беріктігін сынауда. Дейтұрғанымен, біз қиын кезеңдерді еңсердік». 

Медицина қызметкерлері күніне арналған жиында облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов осылай дейді. 

photo1624010764 (1).jpeg

Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға медицина саласының менеджерлері мен дәрігерлер қатысты. Аймақта бүгінде  жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 6 324 науқас толық жазылып шыққан. Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Былтыр ерекше еңбегімен көзге түскен  медицина қызметкері Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, әрі медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артты. Дәрігерлердің орташа жалақысы 271 мың теңгеге, ал орта медициналық қызметкерлер жалақысы 162 мың теңгеге дейін өсті.photo1624011101.jpegphoto1624010886.jpeg     1. «Үздік хирург» номинациясымен облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары Аймағамбетов Мақсұт Бақтыбергенұлы марапатталады.  –  Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.  

2. «Үздік терапевт» номинациясымен облыстық клиникалық ауруханасының эндокринолог дәрігері  Таштаева Бағила Елеусізқызы  марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.    

3. «Үздік акушер-гинеколог»номинациясымен №1 Облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Дуйсенов Абдысаттар Куралович марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.  

4. «Үздік педиатр» номинациясымен Түлкібас аудандық ауруханасының бас педиатры Есиркепова Бакыт Есеналиевна  марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.

5. «Үздік жалпы тәжірибе дәрігері» -Төлеби аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Шаншарова Лола Турсыналиевна марапатталады. Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі ноутбук табысталады.  

6. «Үздік медициналық мекеме» номинациясымен Түркістан облыстық балалар ауруханасы»  марапатталып бас дәрігері Гаухар Сапартаевна Укбаеваға Облыс әкімінің атынан соңғы үлгідегі SMART түрлі-түсті теледидар сертификаты табысталады. 


Шымкент вакциналау жағынан еліміз бойынша көшбасшылар қатарында тұр
Былапыт сөзді боратқан «завучты» қызметке тағайындаған директор орнынан босатылды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×