Мұқағали Мақатаевтың Дінмұаммед Қонаевқа жазған хаты

Oinet.kz 12-05-2020 635

image.png

Қымбатты Димаш аға!

"Социалистік Қазақстаннан" шығарылып, қызым қайтыс болып, оған қоса бірнеше ет жақын туған-туысқандарымның қазасынан кейін күйініп, бәрінен баз кештім. Бұның бәрі 1962-1964 жылдардың арасында болған еді. Сол тұста мен өмірімде түзелмейтін қате жібердім. Әрине, оны мойындау оңай емес.

Қасақана ма, жоқ па білмеймін, өзіңіз төреші болыңыз, дер кезінде уақтылы жарна төлемей, СОКП қатарынан өзімнен-өзім шығып қалдым. Билетті Совет аудандық партия комитеті тартып алды. Сырғабекова хатшы болатын. Ол тап болған жағдайда шығуға жол таба алмай тығырыққа тірелдім.

Қалай дегенде де өз кінәмнан тазару үшін шығармашылықта шарқ ұрып ойландым, толғандым, іздендім. Бар жан-тәніммен ел жұртыммен бірге екенімді танытқым келді.

Біздің қоғамда адам өзін таң шығындай таза сақтау, қандай ғанибет. Өкінішке қарай, қаншама тер төгіп еңбектенсем де, бұдан он жыл бұрын жіберген қателік еш тыным бермейді маған.

17.V.1974 ж.

(От поэта Макатаева Мукагалия, проживающего в. г. Алма-Ате, по улице Панфилова, 147 кв. 95)

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

Нұрлан Санжар (фильмдегі Қожа)
Режиссер сүрінсе де, ауыр еңбегінің түбегейлі нәтижесіне жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу