Құралай салқыны (әңгіме)

Oinet.kz 08-01-2020 841

image.png

Мамыр айының басында аз ғана уақытқа соғылатын қатты желді көшпенділер "Құралай салқыны" деп атаған. 

Оның дәл бұлай айтылу себебі, осы уақытта киіктер лақтап, құралайын суық жерден тұрғызып жүгіртеді. Киіктердің төлдер кезі, желге қарсы жүгірген жағдайда ғана олар төлдеуге қабілетті болады екен. 

Олардың төлдері аптап ыстыққа шыдамайды, сол үшін жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай табиғаттың тылсым күшімен қатты суық жел тұрады. 

Киіктердің төлдеуі ұзаққа созылмайды. Бір ғажабы киік қанша көп болса да, "құралай салқыны" кезеңінде төлдеп үлгіреді. Сондықтан, одан ары жаз толықтай күшіне енеді екен. 

Құралай салқынының тағы бір қызығы, етке сондай құмар дала жыртқышы дәл осы уақытта тәбеті қашып, етке жақындай алмай қалады екен. Ал бұл сәтте ақбөкендер жаппай төлдеп, құралайлары аяғынан тұрып кеткен кезде ғана қасқырға етке деген тәбеті қайта оралады. 

Мына суреттегі альбинос құралай Черные земли қорығында биыл дүниеге келді. 

Фото © Черные земли қорығы 

Имам ұры ма әлде Құран жетім бе? (әңгіме)
Періштелер күн сайын келетін үй
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу