Ақан сері мен жас жігіттер (әңгіме)

Oinet.kz 11-01-2020 693

Ақан сері.png

Ақан сері егде тартқан шағында нөкерімен бір тойдан қайтып келе жатады. Топ арасынан бір жігіт:

-- Мына төбенің астында кезінде Ақан аға ғашық болған Ақтоқты тұрады. Солай қарай бұра тарталық. Сері ағамыз ғашығын көріп бір жасап қалсын.

... Топтың алдынан өңі сұлулардың қатарына жатпайтын, жұпыны ғана киімді, ортадан төмен бойлы, қара сұр егде әйел шығып, Ақанды аттан түсіріп алады. Үйінің кигізі тозған, ауласынан жарқыраған тұрмыс білінбейді. Қымыз орнына шөлдерін шалаппен басқан жігіттер, кетуге асығады.

-- Құдай-ай, бүкіл Арқа Ақтоқты мен Ақанның махаббатын аңыз қыла әңгімелегенде, барша қазақ Сері ағамыздың Ақтоқтыға арнаған, ғашықтықтың әнін шырқағанда, сол жанның келбеті көңіл тоқтатарлықтай емес екен ғой... -- деген күбір алда келе жатқан Ақанның құлағына да шалынған екен. Сонда Сері:

-- Ер жігіт ұрғашының келбетіне емес, сұлу жаны мен сирек қылығына құлайтынын қалайша білмей келесіңдер?

Ондай сұлулықты Ақтоқтының бойынан көру үшін менің көзіммен қарауларың керек-ау, -- деп күрсінген екен...

Нұрхан Хамзеұлы парақшасынан алынды

Абай мен Мәшһүр Жүсіптің кездесуі
Тәкеннің сәлемі. Естелік жазба
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу