Құмырсқаның илеуін бұзба

Жүсіп пайғамбар сегіз жыл зынданда жатқанда, аштан өлу қаупі туады. Сонда Құдайдың әмірімен құмырсқалар азық тасып, Жүсіпті асырайды. Жүсіп пайғамбар оларға риза болып:
Илеуің бұзылмасын, ешкім саған жәбір көрсетпесін! деп бата беріпті. Содан бастап қазақ арасында «құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды» деген ырым қалыпты.
«Отбасы хрестоматиясы»


