Қарлығаштың алқымы неліктен ақ түсті? (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 858

қарлығаш.jpg

Ыбырайым пайғамбардың кезінде Намрұт атты залым патша Бәйт-әл Мұқаддасқа шабуыл жасайды. Қасиетті орынды қиратып, оның киесін кетірмек болады. Қалың қолмен қалаға келіп кіргенде үрейленген ел-жұрт дүние-мүлкін тастап қашып кетеді. Бәйт-әл Мұқаддастың маңдайшасына бір қарлығаш ұя салған екен. Бір апаттың төнгенін білген қарлығаш:

– Жаратушы Ием! Жаудың бұл орынды аяқ асты етуіне жол берме. Дұшпанның бетін қайтар, – деп жылап тұрып дұға жасайды. Оның көзінен алты тарам жас ағып, алқымына құйылады.

Алла тағала оның тілегін қабыл етеді. Жау Бәйт-әл Мұқаддасқа жақындай бергенде, айналаны қалың тұман басады. Қалың қол адасып, бір біріне соқтығыса бастайды. Ақыры, қаланы таппай айдалада қаңғып, азықтары таусылып, тірі қалғандары шұбырып еліне қайтады. Сөйтіп, киелі орын апаттан аман қалды. Қарлығаштың көз жасы тиген жерді Алла тағалаға ақ түске өзгертеді. Содан бастап, қарлығаштың алқымы ақ екен.

«Отбасы хрестоматиясы»

Жүкті әйелдің жүзінен нұр еседі (аңыз)
Бәбісектің айдары қалай пайда болды? (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу