Нұртілеу Иманғалиұлының ғибратты ғұмыры (видео)

Oinet.kz 17-02-2021 1100

Ел тілеуін тілеп, бай-қуатты болуға шақырған. Қазақ журналистикасының көшін бастап, Нұрлы із қалдырған Нұртілеу Иманғалиұлының ғибратты ғұмыры мәңгілік жадымызда!

photo_352252.jpeg

Нұртілеу Иманғалиұлы атақты Молық­бай қобызшының ұрпағы, ақын Ілияс Жан­сүгіровтің аталас інісі. Әкесі Иман­ғали ақсақал елге қадірлі, ха­лық ақыны болған. Өз зама­нын­да талай айтысқа қатысып, оза шауып, бәйге алған екен. Нұртілеу Иманғалиұлы қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, "Хабар" агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған. Нұртілеу Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 45 жылын телевизия саласына арнаған.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Дінмұхамед Қонаев өзі араласқан оқиғалардың минутына дейін есте сақтаған
«Табытта жатқан Мұхаң екеніне сенбедім» - Бауыржан Момышұлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу