Ленин - 15 ұлттың басын қосып дүниені дүр сілкіндерген тұлға

Oinet.kz 22-04-2021 2191

Коммунистік қоғамда өмір сүріп жатқан болсақ, ұлы көсем Лениннің бүгінгі туған күнін атап өтер едік. Осы жүйеде тіршілік кешіп жатқан барлық елдер бұл мерекені салтанатты жағдайда еске алар еді. 

176342722_497206504736896_3395768491394633769_n.jpg

Өз өмірінде 55 томдық дүние жазып, 15 ұлттың басын қосып, ірі мемлекет құрып, дүниені дүр сілкіндірген тұлға не бары 53 жыл ғана ғұмыр кешті.

Ол  80 жасқа дейін өмір сүріп, өз идеяларын жүзеге асырғанда  әлем қалай дамитынын бір Алла біледі.

Жұмысшылар мен шаруалардың басын біріктіріп, "Барлық елдің пролетариаттары, бірігіңдер!" деген  революциялық ұранмен қоғамды өзгерткісі келген санаулы тарихи тұлғаның бірі деуге болады. Ол өмірбаяны жайлы толтырған анкетасына мамандығы туралы сұраққа "ЖУРНАЛИСПІН" деп жауап жазып толтырған. 

"ШАХМАТ АҚЫЛ-ОЙ ГИМНАСТИКАСЫ " деген өміршең қанатты сөзін айтқан осы көсем. Интеллектуалды ойынға осылай жоғары баға берді. Өзі құрған алып  мемлекет аумағында  шахмат өнерін қарқынды дамытып, интеллектуалды ұлт қалыптастыруға айырықша еңбек сіңірді.

Ақыл - ой тәрбиесі жайлы өсиет айтып ғана қойған жоқ,  өзі де керемет шахмат тақтасында шайқаса білді. Революцияның қиын-қыстау  күндерінде  өзінің қабылдауына  келген жұмысшы және шаруалармен шахмат ойнауға уақыт тапты.

Осы тарихи тұлға бастаған ізгі істі арада 100  жыл өтсе де елімізде жолға қоя алмай келеміз. Сол алып СССР деген мемлекеттен 9 бірдей шахматтан  әлем  чемпионы шықты. Осы атаққа ие  болғандарының соңғысы А. Карпов, Г. Каспаров, В. Крамник. Бұл жетістікті бүгінгі  күнге дейін  әлемнің бірде бір елі қайталай алған жоқ.

Қазіргі әлемді уысында ұстап тұрған ірі держава АҚШ-тың өзінен бір-ақ  әлем чемпион шықты. Аты аңызға айналған Роберт Фишер.

Ленин іргетасын қалаған мемлекеттен тұңғыш рет ғарыш кемесі  ұшты. Алғашқы ғарышкер - Гагарин атанғанын бүкіл әлем халқы жақсы біледі. 

Қазір барлық жерде ұйымдастырып жатқан "Сенбілік"  іс-шарасын өмірге әкелген осы Ленин еді. Қазіргі ел басқарып жүрген атқамінерлерге  қарапайымдылықты үйреткен, өзінің жеке басымен үлгі көрсеткен осы тарихи тұлға.

Өмірде қолынан билігі кеткен, өлім дәмін татқан адамды ғайбаттаудан оңай шаруа жоқ қазір. 

"Құлан өлсе, құлағында құрбақа ойнайды" дегендей  қазір кімді жамандасаң да аузыңа қақпақ қойып жатқан пенде жоқ. Тозаққа баратын жолдың тоқсан тоғызы тілден екенін де ұмытпаған  жөн.

Сондықтан Ленинді ғайбаттап жатқандар да  жетерлік. 

Менің Ленинге деген өз пікірім осындай. Оны ешқашан өзгертпеймін.

Балтабек Түйетаевтың Фейсбуктегі парақшасынан

Іштегі кір деген не? (қисса)
Әбдіжалил Арысбаев. Адамгершілік ілімі – Абай шығармаларында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу