Совет Одағы шахтадағы жұмысқа жылқыларды жеккен

Oinet.kz 24-05-2023 554

Шахтада каторгалық жұмыстағы жылқылар күннің көзін көрген жоқ. Таза ауа жұтып жасыл жайылымда жайылған жоқ. Олар өзінің өсіп өнетін табиғи ортасынан адамдар жердің астына түсіріп, қараңғы шахтада каторгалық жұмысқа жекті. 

Screenshot_3.jpg

Соның әсерінен олар соқыр болып қалып, өздеріне бекітілген атқосшының жетегінде жүріп, сол жерде зорығып өліп жатты. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап өндірген көмірді сыртқа шығаруға жылқыны жаппай қолдану басталды, оған дейін адамдардың өздері қол арбамен сыртқа таситын еді.

Бір жылқы көмір тиелген 8 вогонетканы тартып атқошының жетегіне еріп сыртқа шығаратын еді, 8 вогонетканың әрқайсысына бір жарым тонна көмір сыйатын еді, күніне сыртқа шығару үшін 3-5 кмжол жүретін. Осындай адам да , мал да төзгісіз жағдайда, жылқы да өзінің құқын қорғай білді! Қалай дейсіз ғой? Кейде жоспар орындау үшін артық вогонетка қосымша тіркегенің сезген жылқы орнынан қозғалмайтын, ұруға адамның қолы бармайтын еді, себебі атқосшы да жылқының мүмкіндігін білетін. Шахтерлер түскі асын сол жылқының қасында отырып ішетін, кейде нан қалдықтары қалса алақанына салып беретін. 

Сондай атқосшы Яшка Резанный өзіне бекітілген «Тарас» деп аталатын жылқыға қатты бауыр басып қалды, бірде шахтадағы тіреуіш бөрене сынып кетіп Тарас көмір үйіндінің астына қалғанда, өзінің өмірін қатерге тігіп Тарасты қазып алып құтқарып қалды. Соғыс жағдайында өзіне бекітілген жылқысы жазым болса, НКВД оны «зиянкес-вредительство» бабымен соттап жіберетін.1943 жылы Кусбасс шахтасын су басып қалып жылқылар су астында қалғаны үшін, бір топ атқосшылардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ашық сот процессі де болған. 

Жылқылар да жұмыс уақытының аяқталғанын, шахтерлердің сөйлеген сөздерінен білетін, оларды шахтаның ішіне байлап алдына жем-шөп-суын беріп кететін. 1972 жылдың 3 желтоқсанында шахтада жұмыс істеген соңғы «Рубин» есімді жылқы сыртқа салтанатты жағдайда шығарылды, мойнына венок гүл шоғы ілініп, үрмелі оркестр ойнап құрмет көрсетілді. Сол кезден бастап шахтадағы көмірді шағын техника шығаратын болды.

Осы «Рубин» жылқысының мүсінің Хрущевтің моласындағы бюстті жасаған атақты мүсінші Эрнст Неизвестный қоладан құйып жасады. Кузбасстағы «Красная горка» деп аталатын шахтадағы жылқылардың еңбегін паш ететін ашық аспан астына жасаған мұражайына орнатты.

Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы, журналист-дайджест 29.04.2023.

Ашық дерек көзінен алынған суретте: шахтадағы вогонетка тартқан жылқы мен «Красная горка» дала мұражайындағы Рубин мен атқосшыға орнатылған ескерткіш.

Әлем қалай өзгереді? 2749 жылға өтіп, онда екі жылын өткізіп келген азамат не айтты?
Бастығын таң қалдырған жұмысшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу