Асқар Жұмаділдаев: «Енді қазы-қарта емес, гамбургер жейміз»

Oinet.kz 02-08-2019 1442

Screenshot_18.jpg

Белгілі академик, математик Асқар Жұмаділдаев «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялаған мақаласында мектептердегі сабақты үш тілде өту бастамасына қатысты мынандай пікір білдіріпті:

- Мәселен, біз да­мы­ған 30 елдің қа­та­ры­на қосыламыз дейміз, 30 елдің барлығы, ішін­де ең мықтысы Америка болса, сол ел­дің тұрғындары гамбургер жейді. Білім са­ласындағы мына өзгерістер ендігі жерде біз қазы-қарта жемей, гамбургер жейміз де­генге үгіттейді. Қазы-қартадан гамбургер дұрыс деген сөз. Осы реформалар ар­қы­лы практиканы шыңдаймыз деген уәж ай­тады. Егер сіз ғылымды меңгерсеңіз, есеп шығаруды білсеңіз практиканы мең­геру қиын емес.

Менің білуімше, Сингапур мен Малайзия математиканы ағылшын тілінде оқытады. Біздің басшылар осы елден үлгі алмақшы, неге Жапониядан үлгі алмаймыз?Кезінде жапон елі де өздерінің ие­рог­лифтерін өзгертіп жаңа әліпби жасап, жоғары сынып оқушыларына бүкіл ғы­лымды ағылшын тілінде оқытпақшы бол­ған. Бірақ ойласа келе, әліпбиді өзгертсек, ағылшын тілінде оқысақ, алғашқы кезде тез жылдам дамуымыз мүмкін, бірақ ұт­қанымыздан ұтылғанымыз көп болады д­егенге тоқтаған. Жапонияның мың­жылдық тарихы бар. Сонда біз неге кеше ғана құ­рылған елдерге жүгінуіміз керек... Білім алу деген де ақпарат алу деген сөз. Демек, сіз оқу білімді өзге тілде бе­ре­мін десеңіз, Конституцияны бұзғаныңыз. Олай болса, жаратылыстану пәндерін ағыл­­шын тілінде өткіземін деген ми­нистр­ліктің ұсынысының астарында қазақ ті­лі­нің ғылымға икемі келмейді, қазақ тілі тек отбасы-ошақ қасы болып қалуы керек де­ген саясат тұр. Ал ол – Конституцияны бұзу.

Жаратылыстану ғылымының бар­лы­ғын қазақ тілінде үйретуге болады. Жақ­сы­лы-жаманды оқулықтарымыз бар (оның сапасы өте жақсы деп айта алмаймын), жақ­сылы-жаманды терминология жүйесі бар, ғылым туралы ойлау жүйеміз қа­лып­тасқан. Бұл – қазақ тілін сақтаудың үлкен бір саласы.

Мұрағаттан, 2016 ж

«Нөлдік төзімділік» - құқықтық тәртіп негізі
Ғабидолла Әбдірахымов: «Жол қозғалысын реттеу үшін тағы қанша адам өлуі керек?!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу