«Тәртібің темір болмаса, жау қолынан өлерсің»: Мүйтен жыраудың Есімханға берген жауабы

Oinet.kz 19-12-2025 44

Есім ханның тұсында Мүйтен деген жырау болған деседі... Ел аузында Есім хан мен Мүйтен жырау туралы мынадай аңыз бар.

«Есім хан билеген қазақ еліне қалмақтың қалың қолы жақындап келе жатса керек. Батырлары мен билерін төңірегіне жинап алып, әбіржіп тұрған Есім хан би-жырау Мүйтенге :

- Ей, би-жырау, қалың қалмақ әскерін жеңе аламыз ба, әлде олардың күші басым түсе ме?, - деп сұрапты.

Сонда Мүйтен жырау :

Хан ием, менен сұрадың,

Қиындау екен сұрағың.

Жау алдында, батырым,

Жұлынбасын пырағың.

Батырың болса найзалы,

Ақылың болса айлалы,

Жеңесің жауды, қыраным!

Таусылмасын шыдамың,

Көкті тілсін ұраның!

Әскерге пәрмен берерсің,

Әскерге пәрмен берсең сен,

Қалмақты қалың жеңерсің.

Тәртібің темір болса егер,

Қалмақты қалың жеңерсің.

Тәртібің темір болмаса,

Жау қолынан өлерсің.

Жау қолынан өлген соң,

Астына жердің кірерсің...-депті.

Қызыл диплом – қызыл тумен түстес, совет символы
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу