Шымкентте 75 сағатқа дейін жүктеме алып отырған мұғалімдер анықталды

Oinet.kz 29-01-2026 64

Шымкентте әкімдік білім саласында жарияланбаған 2000-ға жуық вакансияны анықтады деп жазады Оinet.kz тілшісі.

image.png

 Үшінші мегаполис мектептерінде  педагогтар  24 сағаттан артық жұмыс істеген.  Тексеріс кезінде 40, 50, 60, тіпті 75 сағат жүктеме алып жүрген педагогтар бар болып шыққан. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баспасөз мәслихатында айтты.

"Педагогтардың 24 сағаттан артық жүктеме алатынын анықтадық, Бұл 32 сағаттың көлемінде, екі ставканың маңайында болатын нәрсе болса ештеңе емес қой. Бізде 40, 50, 60, тіпті 75 сағатқа дейін жүктеме алып отырған педагогтар бар екен. Ал енді 60 сағаттық жүктеме бөлсеңіз 16 сағаттан болғанда бұл 4 штаттық бірлікті алып отыр. Бір адамның орнына 4 адам жұмыс істеп отыр. Біз мұны қыркүйек айында анықтадық. Таңғалдық. Бұл туралы Оқу-Ағарту министрлігіне жүгіндік. Прокуратура, Еңбек инспекциясына да жүгіндік. Жан-жақты кеңесе отырып, біз мұғалімнің жүктемесі 24 сағаттан асауы керек екенін анықтадық,- деген Сәрсен Абайұлы  қазір білім саласында  2063 бос жұмыс  орны бар екенін айтты.

 "Жалпы білім беретін мектептерге 1165 педагогтар және  543 педагог лауазымдарынан тыс яғни кіші қызметкерлер  қажет. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда 170, арнайы және қосымша білім беретін ұйымдарда 150, басқармаға қарасты орталықтарда 35 орын бос. Осы барлық бос жұмыс орындарына конкурс өткізуді ұйғардық",- дейді қала әкімдігінің ресми өкілі. 

Осылайша еңбек нарығында 2000-нан астам бос жұмыс орны пайда болды. Оларды толтыру үшін жәрмеңке ұйымдастырылмақ. 

Түркия университеттері студенттерге зар болуда
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу