8 наурызға арналған құттықтаулар

Oinet.kz 11-11-2019 2020

Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Естеу Нүсіпбеков

8 наурыз.jpg

Жақсылықтың нышанындай,
жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,
саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,
жайма шуақ сәулелерін төгетін,
көңілдерге қуаныштар егетін,
имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін
көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,
той атаулының қызығы мен берекесі –
8 НАУРЫЗ келді ортамызға!
 
Осы мерекенің иелері,
бар адамзаттың табынары мен киелері,
қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,
мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,
адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,
сүйкімді қылығымен сағындырған,
қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,
әсем көркімен, жүрегінің өртімен
небір дана мен данышпандарды табындырған,
сүйсе құлай сүйетін,
нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін
аяулы да  асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,
мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,
жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,
асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!
Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,
дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
 
/Бүркітбай жағыпарұлы/

Ғашығыма тілек (туған күнге)
8 наурызға арналған құттықтаулар (2)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу