Құдай туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 22-12-2019 4378

1. Құдай берейін десе, жұдырыққа тас сынады,

Қимайын десе, бұршаққа тіс сынады.


2. Құдай малыңды алса да, пейіліңді алмасын.


3. Жыртық үйдің де құдайы бар.


4. Тамыр берген Тәңірден, 

Құдай берген тоқты артық.


5. Құдайсыз қурай сынбайды.

Құдай туралы мақал.jpg

6. Талап - Алладан, дем-су - Алладан.


7. Әуелі Тәңірі жерге береді,

Жерге берсе, елге береді.

Елге берге, ерге береді.


8. Алланың берейін деген құлына 

Оннан-мұннан құралар,

Бермеймін деген құлының,

Жалғыз тайын ұры алар. 


9. Жүйрік атқа мінген Құдайын ұмытар.


10. Жетімге ауыз берген Құдай напаха да береді.


11. Адалды Құдай табады,

Момынды қайыр табады.

Ұстаз туралы эссе. Әлемдегі ең ұлы мамандық
Отан, туған жер, ел туралы мақалдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу