Жаңа жыл сценарий. Сиыр жылы

Oinet.kz 20-12-2019 1545

Мақсаты:

Білімділік: әуен сазынан қыс көріністерін ести білуге, қимыл-қозғалыс жасауға, әнді әсерлі, мәнді орындауға баулу, ырғақ, тембрді сезінуге үйрету;

Дамытушылық: қысқы табиғатқа қызықтыру, Жаңа жыл мерекесі туралы танымын кеңейту;

Тәрбиелік: қыс мезгіліндегі құстар өмірін бақылауға, оларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Өтілу әдістері: сахналық қойылым «Құтқарушы күшіктер» мультфильм желісі, сұрақ-жауап, ойын әдістері.

Көрнекіліктер: алаңның барлығы жаңа жыл тақырыбына сай безендіріледі, шырша, әсем суреттер, әшекейлер.

Screenshot_1.jpg

Кейіпкерлер: 

Аяз ата

Ақшақар

Ит

Тауық

Күлдір

Бүлдір

Барысы: Балалар шеңбер құрып тұрады, әдемі әуен ойналады. Жаңа жыл сценарий

Сахна сыртынан шыққан дауыс: Құрметті ханымдар мен мырзалар, оқушылар мен ата-аналар, бүгін қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй. Сіздердің алдарыңызда өткен жыл — 2017-де елімізге елеулі үлес қосқан, EXPO-2017 көрмесін абыроймен атқарып, елімізді әлемге танытқан тауық жылын және биылғы жыл — 2018 алға қойған мақсаты терең, болашаққа бағдар рухани жаңғыру аясында өзімен қоса латын әліпбиін арқалап келген жаңа жылымыз итті ду қол шапалақпен қарсы аламыз. Жаңа жыл сценарий

Ит:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Тауық:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Ит:

Сәлем, достар. Ит — адамның дос демекші мен сендермен жаңа жылды бірге қарсы алып, жыл бойы сіздермен бірге боламын. Қасымдағы ең жақын досым — тауық.

Тауық:

Келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған, Аяз ата, жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.

Ит:

Керемет, достар, сіздер білесіздер ме, біз сіздермен жаңа жылды бірге қарсы алуға келдік. Себебі биыл менің жылым ғой.

Хормен:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Ит:

О, халайық, жарандар,

Қилы-қилы заман бар.

Тауық жылы әне жылыстап,

Кетіп барады қараңдар.

О, халайық, халайық.

Қощ айтысып қалайық!

Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған Тауық жылын шығарып салайық!

Тауық:

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.

2018 жылы қадам басқан.

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

Келесі жыл бастауын Жаңа жылға беремін.

(сахнаға ит шығады). Иттің үрген дыбысы естіледі.

Жұлдызай:

Ар бол, Жаңа жыл!

Бар бол, Жаңа жыл.

Қадамың құтты болсын, жаңа жыл.

Бейбітшілік жылы бол, жаңа жыл

Құт береке жылы бол, жаңа жыл

Ит:

Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім — шапшаңдығым. Мен адамдарға доспын. Жаңа жыл туралы сценарий

Мен тағы бір қонақпын,

Он екі жылда оралармын.

Сіздерге ақ ниет,

Сіздерге мың рахмет!

Барлығы:

Қош бол, Тауық жылы, Қош бол! Қош келдің жаңа жыл.

1-оқушы:

Ал, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Жақсы жыл бол, дари нұр бол, жаңа жыл!

Ит:

Құрметті достар, сіздермен бірге «Жасырын сөз» ойынын ойнасақ қалай қарайсыздар? Өз өнерлеріңізді көрсетіп құпия таңбаны мына тақтайшаға ілетін боласыздар.Сонда біздің жасырған сөзіміз анықталады.

2-оқушы:

Олай болса жаңа жылымыздың құрметіне 2 «а» сыныбының өнерін тамашалаңыздар.    «Ара» биін қарсы алыңыздар. Өнерлеріңізді көрсетпестен бұрын, достар, сіздерге қандай әріп беріліп еді?(М)

1″А» сыныбы «Санта клаус» биін орындайды. Жаңа жыл сценарий

3-оқушы:

Аяз ата келеді,

Арқасында қабы бар.

Қапшығында силығы,

Саған, маған береді.

Ит:

Сонда, балалар, Аяз ата мерекеге арнап қапшығымен не әкеледі?

Ойын «Аяз ата қапшығында не бар?»

Достар, олай болса, сіздермен бір ойын ойнайық. Мен қапшықта не бар екенін айтамын. Дұрыс айтсам шапалақтаймыз, қателессем аяғымызбен тарсылдатамыз.

Аяз атаның қапшығында кілем;

Аяз атаның қапшығында өлең;

…………………………….. кәмпит;

……………………………… аю;

………………………………. ою;

……………………………шокалад;

……………………….мормелад;

Мүмкін Ақшақар,

Мүмкін дәрігер Айболит,

Олай болса бәріміз хормен жауап берейік,

Саған, маған, оған да,

Қапшығында болады

Ол, әрине, … сыйлықтар!

Ит:

Жарайсыңдар, достар, барлық сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Тезірек Аяз ата мен Ақшақар келсе екен. Қане, барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайықшы.

Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Әдемі әуенмен Аяз ата мен Ақшақар залға кіреді. Аяз атаның қолында таяғы бар, арқасында бос қап. Жаңа жыл сценарий

Аяз ата:

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілегім жыл бойғы,

Сендердің денсаулығың.

Амансыңдар ма, балаларым, орман тоғайдан, алыс шалғайдан сендерге зорға жеттім. Сендерге жеткенше асықтым. Осы қаланы аралап қызым екеуіміз сендерге жеткенше уақыт осы болды. Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап бір демалайын. Жаңа жыл туралы сценарий

Ақша қар:

Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә достар, Біз келгенше көптеген жерлерде болдық, әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

Ит:

Армысыз ба Аяз ата, армысыз ба Ақшақар. Біз балалармен сіздерді қатты күттік және … ( қапшығына қарап) Ой, Аяз ата, сіздің қапшығыңызға не болған?

Аяз ата:

Менің қапшығыма не болыпты, барлығы дұрыс, оның ішінде балаларға арналған силықтар бар. (Қапшыққа қарап) Ақшақар қапшықа не болғанын қарай қойшы. Ақшақарр қапшыққа қарайды, қолын салып көрсе қапшық тесік ьолып шығады.

Ақшақар:

Қалайша, Аяз ата, қапшығыңыз тесіліп қалыпты. Енді не болады мына балалар силықсыз қалама?

Аяз ата:

Қайда кетеді? Силықсыз? Жоқ, мен оған жол бермеймін. Мен силықты іздеп келемін, күтіңдер. Жаңа жыл туралы сценарий

Күлдір:

Тоқтаңыз. ( Залға жүгіріп кіреді) Жоқ олай болмайды. Сіз кетіп қалсаңыз мерекенің сәні кетеді емес пе? Мен іздеймін, мен барамын. Сіздер достарымыздың өнерлерін тамашалап демалып алыңыздар. Мен міндетті түрде тауып әкелемін.

Күлдір залдан шығып кетеді

Бүлдір: Жаңа жыл сценарий

Ха-ха-ха күлкімнің келіп тұрғаны-ай! Менің арқамда сендерде силық болмайды. Қапшықты тесіп қойғаным қандай ақыл болды. Ха-ха-ха.

Тауық: 

Ах, бұл сен екенсің ғой.

Ит: 

Үй тәртіпсіз.

Бүлдір:

Біріншіден, мен тәртіпсіз емеспін, жәй ғана көңілді Бүлдірмін.

Тауық:

Қане, бұл жерден кетіңдер.

Бүлдір:

Қойшы, не болды сонша, уайымдама. Бір сағаттай жүреді де келеді, табады сендердің силықтарыңды.

Күлдір:

Таптым, таптым, қапшықты таптым. Аяз ата, міне сіздің балаларға арнаған силығыңыз.

Аяз ата:

Рахмет, Күлдір, ал, балалар, менің силықтарым келді. Кім өз өнерін көрсеткісі келеді?

Бүлдір Аяз атаның таяғын байқап қалып ұрлап алады. Жаңа жыл сценарий

Аяз ата:

Ақшақар, сен менің таяғымды көрдің ба? жаңа ғана тұрған сияқты еді.

Ақшақар:

Жоқ ата, көргенім жоқ.

Күлдір:

Мен көрдім, мен көрдім, Бүлдір сіздің таяғыңызды ұрлап қашып бара жатқынын көрдім.

Аяз ата:

Қап, әттеген-ай! Қане, біз Ақшақар екеуіміз таяқты іздеп келейік.

Күлдір:

Жоқ, Аяз ата, сіз алаңдамаңыз мен оны тауып әкелемін.

Тауық:

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап біз ән шырқап тербелейік.

Төрле, төрле халқымның құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене кел билейік.

Күлдір:

Міне, балалар, сіздерге Бүлдірді алып келдім. Міне, Аяз ата, сіздің таяғыңыз.

Аяз ата:

Сен менің таяғымды ұрлауға қалай дәтің барды? Ендеше мен сені бұл қылығың үшін қатырып тастаймын. Қане таяғым, мына Бүлдірді қатырып таста!

(Бүлдір тұрған орнында қатып қалады) Жаңа жыл сценарий

Бүлдір:

Әй, Аяз ата! Керегі жоқ, қалпыма келтір. Ой, не істесем болады?

— Аяз ата, мені кешірші. Мен енді бұндай жаман қылық жасамаймын. Балалар, сендерде мені кешіріңдерші. Мен де сендер сияқты жаңа жылды қарсы алғым келеді. Мен де силық алғанды ұнатамын.

Тауық:

Қалай, балалар, Бүлдірді кешіреміз бе?

Ит:

Кешірейік, кешірейік енді бұндай жаман қылық жасама!

Бүлдір:

Ой, Аяз ата, барлығымен бірге жүріп көңіл көтерген жақсы екен ғой. Енді жылда осылай балалрмен жаңа жылды қарсы алатын боламын.

Күлдір:

Жарайсың, Бүлдір, біз сен үшін өте қуаныштымыз!

Тауық:

Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ силайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғасып жаңа уақыт.

Аяз ата:

Балалар, біз Ақшақар екеуіміз тамаша демалдық. Ойнадық, ән айтып би биледік. Біздің тағы да баратын жерлеріміз көп. Сендер әрі қарай жалғастыра беріңдер, ал біз аттанайық. Сау болыңдар, оқушылар, рахмет сендерге!

Ақшақар:

Сау болыңдар, оқушылар келесі жаңа жылда көріскенше!

Барлығы:

Сау болыңыздар Аяз ата, Ақшақар.

Ит:

Мерекеміз — жаңа жыл,

Тойында қызық думан бар.

Жаңа жыл — бұл жаңа өмір,

Сайранда, туыс-туғандар.

Тауық:

Осылай басты қосайық,

Ашық боп аспан әрдайым.

Тыныштық тойын жасайық,

Бейбітшілік — береке,

Бола берсін мереке

— Осымен Жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілейміз!!!

Екі жасқа ақ тілек. Үйлену той
Наурыз мейрамына құттықтаулар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу