Жолдас туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 2176

Жолдасты жол айырады.


Жолдасын тастаған жолда қалар.


Өз басыңды дауға берсең де, 

Жолдасыңды жауға берме.


Жақсы жолдас ерттім дегенше,

Жарты жолдан өттім де.

Картинки по запросу друг

Жалған жолдас көзіңе мақтар,

Сырт айналып сойылын баптар.


Жаман жолдастан мықты таяқ артық.


Артты жолдас болмайды арбалымен,

Жортақ жолдас болмайды жорғалымен. 


Шын жолдас сөзге берік, ерге серік.

Махаббат туралы шығарма. Махаббат киелі сезім
Сценарий: «Қош келдің, әз- Наурыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу