Махаббат туралы шығарма

Махаббат - дүниедегі ең ұлы сезім. Адам жанын жадыратып, жүрегіне бақыт ұясын орнықтыратын күші бар ғажап сезім. Жүрегін махаббат мекендеген жанның жүзі нұрланып, келер күнге зор үмітпен, шексіз бақытпен көз салады. Болашаққа нақты мақсаттар жасайды. Мақсатарынын орындалуына əрекет жасау үшін "махаббаттың күшімен" қуаттанады. Бұл - шексіз бақыт.

lyubov.jpg

Адам жүрегін махаббат мекендегенде ғана өмір сүріп жатқанын сезінеді. Бұл тым əсірелеу шығар, бірақ шындық.Адам баласы дүниеге келеді, жүреді-жүреді, соңында қайтыс болады. Бəрі бірсарынды.Тек айырмашылық - жүрегінде. Адамның денесіндегі жұдырықтай жүрек қандай болса,оның өмірі дəл солай болмақ.Ал жүрегі махаббатқа толы жанның ғұмыры əдемі əрі мағыналы. Өмірдегі барлық сезімнің бастауы - махаббат! Адамгершілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық, патриоттық сезім жəне де барша сезімдердің түпқазығы - махаббат. Ал ең ұлы махаббат - Жаратушыға деген шексіз сенім. Соңынан Отанға, ата-анаға, бауырлар мен туысқандарға, достар мен айналадағы жандарға, табиғат пен жануарларға т.с.с бізді қоршаған ортаның бəріне деген шексіз махаббат. Махаббат жайлы жазылмаған жыр-дастан, айтылмаған əн, оқылмаған өлең қалмаған шығар.Махаббат дастаны десе əуелі есімізге Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу хикаялары түседі. Ес жиғалы оқып,тыңдап келеміз. Мұқағалидің махаббат жайлы өлеңдерін жатқа айтамыз. Əндер мен кинолар жəне бар. Барлығы дерлік ұлы сезім - махаббатты дəріптемек, яғни адалдықты. Өмір сүру мен адалдық екеуі егіз ұғым. Жалғандағы барша жандар екі жастың бір-біріне деген адалдығының "жемісі". Махаббат - əр үйдің алтын діңгегі. Отбасы мүшелерінің татулығы, сыйластығы жəне өзара сенімділігі. Тəнге азық керек болғанындай, жанға да рухани азық - махаббат дəл солай керек. Өйткені, жүрегінде махаббат сезімі бар адамның бойында адамгершілік пен жанашырлық сезімдері қатар жүреді. Жүрегі мейірімге толады. Мейірімді жан əлемге тек жақсылық пен қуаныш таратушы. Сол себептіде, жүрегіміздегі мейірім сəулесін - махаббатымызды аялауымыз, мəпелеуіміз керек-ті. Əлемге махаббатпен қарайық!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кітап күйзелістен арылтады
  • 8 наурыз балабақша тақпақтар
  • Қалмақтар қайда кетті?
  • «Қыз сынына» арналған сценарий
  • Жұмбақ. Әріптердің ар жағында қандай сөз жасырынып жатыр?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика