Құда туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 1329

Құданың белгісі -  сыйыс,

Қоныс белгісі - бейіт.


Құда болғанша, құлы мен биін сұрас,

Құда болған соң, құл да болса сыйлас. 


Құдандалының малы бір,

Айтулы достың жаны бір.


Біреу болса - құда, екеу болса ұя.

Картинки по запросу құда

Құданың тайын алғың келсе,

Құлынды биесін сұра.


Ет жемесең ет жеме,

Етегіңді жап, құдағи.


Қараның таққа мінгені -

Біріне бірінің құда түскені.


Баймен құда болсаң, шіренер,

Жарлымен құда болсаң, тіленер.


Құрбысының асқаны құдасынан білінер,


Бай мен бай құда болса, достасады,

Бай мен кедей құда болса, қастасады.

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні (сценарий)
Сүйемін туған тілді — анам тілін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу