Менің әкем. Шығарма

Oinet.kz 27-07-2019 8965

Əке - 3 əріптен жəне терең махаббаттан құралған сөз. Мені осы дүниеге əкелдірген, анама мызғымас тірек бола білген жалғыз жан. Əке - мен сүйеніп тұратын асқар тау. Əкемді шексіз жақсы көремін. Менің əкем дүниедегі ең ғажап жан. Əкем жайлы бір шығарма емес, бірнеше кітап жазсамда ол кісінің бізге деген махаббаты мен сүйіспеншілігі жайлы жазып тауысар емеспін. 

20170721124003.jpg

Менің əкем қалада қоғамдық көлік жүргізіп, бізді елдің балаларынан кем етпей өсіріп, жеткізіп жатыр. Қатты суықта қалып қойып, үсіп те қалды. Денесіне қатты суық өткізіп алғандықтан қазір тыныс алуы қиын.Тек үздіксіз дəрі мен жылулықтын арқасында жанымызда біздің көз қуанышымыз болып жүр. Суықта кім үшін жүрді? Əрине, біз үшін! Балаларым оқысын, өсіп-өнсін, үлкен азамат болсын деп жанын құрбан етуге дайын. Бұл тек əкеге ғана тəн махаббат. Мектептен келгенімде əркез əкем маған "Dave" атты шоколодты үйге əкеп қояды. Себебі, ол менің сүйікті шоколодым. Сыныптастарым "əкем қатал, ұрсады, ол кісіден қорқамын" деп айтады. Ал мен бұл сөздерді естіп таңқаламын. Менің əкем қатал емес, мені ұрмақ түгілі маған ұрсыпта сөйлемеген. Əркез еркелетіп, күліп отырады. Сабақтан "5" деген бағаны алсам, үйге барғанда күнделігімді əуелі əкеме көрсетемін. "Балам, осылай сабағыңды жақсы оқи бер. Мен сенімен мақтанамын" деп əкем менің маңдайымнан сүйіп, маған болашаққа деген нық сенім мен талмас қанат сыйлайды. Əкемнің осы айтқан сөздері мені жігерлендіріп, ата-анамның үкілеген үмітін ақтауға серпін береді.  Кейде балалармен төбелесіп, жағам жыртылғанда əкем əркез маған сабырлы болуды, өзге балаларды ұрмау керектігін, жаман сөз айтпауды үйретеді. Барша жандарға көмектесіп, олардың алғысын алуға тəрбиелейді. Мен əкем айтып жатқан барлық қасиеттерді өзінің бойынан көремін. Мен үлгі тұтарлық жалғыз жан - əкем. Мен əкемді мақтан тұтамын əрі құрметтеймін!

Ана жайлы шығарма
Арман болған азаттық (шығарма)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу