Ақыл туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 2865

Ақыл - ауыс, ырыс - жұғыс.


Ақыл бастайды, аяқ тастайды.


Ақылды адам батпан-ақ,

Ақылсыз адам сасқалақ


Ақылды өтірік шаршатады.


Ақылдассаң - шешерсің,

Ақылдаспасаң - кем кесерсің.


Кешкі ой - нақыл, таңғы ой - ақыл.


Ақылдыға ишарат, ақымаққа таяқ.

Картинки по запросу life

Ақылдыны алысым деме,

Ақылсызды жақыным деме.


Ақылдының сөзінен енші алып қал.


Арзымасқа ақылынды тауыспа.


Ашу арындайды,

Ақыл артынан аяңдайды.


Өз ақылың ақыл-ақ, 

Кісі ақылы шоқырақ.


Жетең жаман болмаса,

Жете жарлы болмассың.


Малдан айрылсаң да, ақылдан айрылма.


Білімдіден ақыл шығар,

Ақылдан нақыл шығар.


Жетесі асыл арланбас,

Жеті атасына дарымай.


Көрік үйленгенше,

Ақыл өле-өлгенше.


Ашу шабыстырады, 

Ақыл табыстырады.



Кеңескен іс келісер,

Ақылы жақсы бөлісер.


Ар-ұят пен ақыл - мінез сауыты.


Пайдасыз нақыл - баянсыз ақыл.


Естілердің ақылын ескерген де есті.

Марс ғаламшары (реферат)
Қазақстанның ғарыш аймағы (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу