Өсиет туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 1951

Жат үйінде жатық бол.


Бүлінгеннен бүлдіргі алма.


Әдепті әдепсізден үйрен.


Кесірлімен керіспе,

Керме иықпен егеспе.


Толмасқа құйма, тоймасқа берме.

Картинки по запросу семья

Өз айыбыңды өзгеден көрме,

Кісі айыбын көздеме.


Жүрсең саяқ, жерсің таяқ.


Жанжалдың шоғы қызарса,

Ақылдың суын сеп.


Етігіңді шешпей суға түспе.


Айтпас жерде аузыңды тый,

Қышынбас жерде қолыңды тый.


Бақ келсе аспа,

Сыр келсе, саспа.

Жаңбыр туралы шығарма. Жаңбыр - Алланың нұры
Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу