«Біздің қоғам - дамымай қалған қоғам»: Дархан Әбдік

Oinet.kz 18-09-2024 1773

"Тарихты зерттеу, жоқты түгендеу жұмысы ешқашан тоқтамайды. Тек бұл жұмысты біз­дегідей жазушылар емес, білікті мамандар, тарихшылар, этногрофтар атқаруы керек. Қо­ғам­ды бұзатын – Шыңғыс ханды қазақ қыл­ғысы келетін жазушылар, тарихқа араласатын көріпкелсымақ депутаттар мен сенаторлар, руын дәріптеп азғантай тобырға көсем болғысы келетін алаяқтар. 

Screenshot_38.jpg

Ал жас ұрпақтың әлемдік құндылықтарға бет бұруы енді тоқтамайды. Әлем ашық, интернет бар. Жаңа дәуір еріксіз келеді. Сіз көктемнің келуін тоқтата алмайсыз ғой… Әттең бүгінгі күнді былықтырып жүрген “тұлғаларымыздың” көбі болашақ ұрпаққа күлкі болатынын түсінбейді.

ТҰЛҒАДАН “КУЛЬТ” ЖАСАУ, КӨСЕМ ІЗДЕУ, ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУ – Д А М Ы М А Ғ А Н ҚОҒАМНЫҢ БӘРІНЕ ТӘН. БІЗДІҢ ҚОҒАМ - ДАМЫМАЙ ҚАЛҒАН ҚОҒАМ. Тарих­тан байқасаңыз, жалпы Алтын Орданың аясында болған елдердің бәрінде дерлік, азаматтық қоғам дамыған жоқ. Моңғол шап­қыншылығы Орталық Азия мен Түркістан өркениетінің тамырына балта шапты. Ғылым мен білім өлді. Еркек кіндіктінің бәрі тек жауынгер ретінде қабылданды, ал сарбаз ол азамат емес. Ол басшының бұйрығына бағынышты, өзіндік пікірі жоқ бейбақ. Сол санадан шыға алмай келеміз. Әлі күнгі мақтанышымыз, “ата бабамыз аттан түспеген жаугершіл болған” деген дақпырт атақ. Ақындарымыз әлі күнге дейін соны жырлайды. Әлбетте Доспамбет, Махамбет секілді тарихи феномендер болған. Алайда бүгінгі таңда, әкімнен алған пәтердің есігін іштен жауып алып – “мен көк бөрімін!” деп өлең жазу маған күлкілі секілді. Бұл санадан арылудың жалғыз жолы, батыс Еуропаның дамыған елдерінің жолымен жүру. Кезінде әлемді қанға бөктірген викингтердің ұрпағы, Норвегия, Швеция, Финляндия мемлекеттері бүгінгі таңда ең заңға бағынышты, тәртіпті, демократиялық елдер. Нәтижесінде ең дамыған, бақуатты мемлекетке айналды. Мәселен Норвегияның мұнайдан жинал­ған ұлттық қоры тоғыз жүз миллиард доллар.

Ресми басылымдарды қазір ешкім оқымайды, оқыса да, онда жазылған нәрсеге сенбейді деп ойлаймын. Ал журналистиканың түп мақсаты – тәуелсіз болу емес, әділ болу, “жағымпаз бол­мау. Бізде журналистік ортадан шыққан жо­ғары лауазымды қайраткерлер өте көп. Неге? Себебі ЖУРНАЛИСТИКАДА ЖАҒЫМПАЗДЫҚ АРҚЫЛЫ КАРЬЕРА ЖАСАУ ӨТЕ ОҢАЙ. Бір әкім туралы фильм түсірсең, не САЙЛАУ БАРЫСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТСАҢ БІР АРНАҒА БАСШЫ БОЛЫП ШЫҒА КЕЛЕСІҢ. Оны тоқтату үшін қоғамдық этика ке­рек. Мұндай әрекеттер әшкерелену керек. БіІЗДІҢ ҚОҒАМ, өкінішке қарай, ОЛАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕМЕЙДІ, керісінше ҚЫЗЫҒА ҚАРАЙДЫ, ДӘРІПТЕЙДІ.

Біз өзімізді рухани бай халықпыз деп мақтағанды жақсы көреміз. БАТЫС ЕЛДЕРІН РУХАНИ АЗҒЫН ДЕЙМІЗ. АЛАЙДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨКЕСІ ОЛАРДА ЕМЕС, БІЗДЕ. Алаяқтардың тасы оларда емес, бізде өрге домалайды. Неге? Себе­бі, менің пікірімше, қоғамдық жүйе мен қабылданған заңда, оның атқарылуында. Біріншіден, демократиялық әрі ашық қоғам жемқорлыққа, ымыраластыққа жол бермейді. Ал қылмыстың бәрі жабық есік артындағы ымырадан туады. Биліктің ашықтығы қоғамға оның әрекетін қадағалауға мүмкіндік береді. Тек сонда ғана халық заңға иланады, оның әділдігіне сенеді. Байдың баласы машинамен қағып адам өлтірсе де сотталмайтын қоғамда халық заңға сенбейді. Түкке тұрмайтын адам ЖАҒЫМПАЗДЫҚ АРҚЫЛЫ ДЕПУТАТ БОЛА АЛАТЫН ҚОҒАМДА ӘДІЛДІК БАР ДЕП ОЙЛАМАЙДЫ. Ал руханият деген бұл тек философия мен әдебиетте айтылатын нәрсе емес".

Журналист Дархан Әбдіктің "Қазақ әдебиеті" газетіне берген сұхбатынан

Мәшһүрдің соңғы үш өсиеті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу