Саакашвили үш жылдан астам уақыт ауруханада жатқаннан кейін түрмеге кері қайтарылды

Oinet.kz 13-11-2025 44

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили үш жарым жыл емделген "Вивамед" клиникасынан қайтадан Рустави түрмесіне қайтарылды. Бұл туралы Georgia Online порталы хабарлайды. 

Screenshot_1.jpgЕлдің қылмыстық-атқару қызметі Саакашвилидің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда екенін және енді ауруханада емделуді қажет етпейтінін айтты.

Экс-президент 2022 жылдың 12 мамырында Vivamed клиникасына ауыстырылған болатын. Сол уақыт бойы оған медициналық көмек көрсетілді.

Қызметтің мәлімдеуінше, Грузия заңдарына сәйкес, азаматтық ауруханадан түрмеге қайтару шешімін емдеуші дәрігер науқастың жағдайына қарап қабылдайды. Михаил Саакашвилидің жағдайы жақсарғандықтан, ол ауруханадан шығарылып, №12 түзеу мекемесіне қайтарылды.

Пәкістанда лаңкес сот ғимаратының алдында өзін жарып жіберді: 12 адам қаза тапты

Түркия Газаға жасалған шабуыл үшін Израиль басшысы мен бірнеше шенеунікті тұтқындауға ордер берді

"Вивамед" клиникасының клиникалық директоры Зураб Чхаидзенің айтуынша, Саакашвилиді шығаруға шешімді оның емдеуші дәрігері қабылдаған. Ал экс-президент бұл хабарды сабырмен қабылдаған.

Тоқаев пен Путин бір-бірін қимай жылы қоштасты (фото)
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу