Тоқаев пен Путин бір-бірін қимай жылы қоштасты (фото)

Oinet.kz 13-11-2025 46

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары 13 қарашаға қараған түнде аяқталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Oinet.kz.

Screenshot_1.jpgАқорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты.

"Внуково әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын жазған едік. Мемлекет басшысының бортын шекарадан Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қарсы алды.

Тоқаев пен Путин Кремльде бейресми кездесу өткізді.

Екі ел президенті келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.

«Мешкей деген жақсы ат емес», Меңдіқұлов мыpза!
Саакашвили үш жылдан астам уақыт ауруханада жатқаннан кейін түрмеге кері қайтарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу