Асхат Тағыберген Ғабит Сыздықбековтың сынынан кейін Шымкентте қалғысы келмегенін айтты

Oinet.kz 13-11-2025 60

Қостанайлық «Тобыл» клубының капитаны, жазда ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған Асхат Тағыберген онда ауысуға не түрткі болғанын айтты.

Screenshot_3.jpg

«Түркияда ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиынында жүрген едім. Айтпайын десем де, шығып кетеді. Әкімнің сынынан кейін клуб іздей бастадым. Өйткені ол жақта қала алмадым. Намыс қой бәрібір. Ақша, анау-мынау дегенмен, әркімнің өз бағасы бар ғой. Содан кейін басқа жаққа кеткенім дұрыс болар деп ойладым. Ол шешімді қабылдағаныма, «Тобылға» барғаныма» өкінбеймін. «Тобыл» мені өз үйімдегідей күтіп алды. Себебі мен 2021-22 жылдары сонда ойнадым. Чемпион болдық, үшінші орын алдық. Суперкубокті екі рет ұтып алдық», – дейді ойыншы Sport Pulse каналына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін «Ордабасы» командасының капитаны болған Асхат Тағыбергеннің 20 млн теңге жалақы алатынын ашық айтып, тәжірибелі футболшының клубтан кеткісі келмейтінін мәлімдеген болатын.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтпеуі керек
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу