Актөбедегі мектеп оқушысының жүктілігі: Анасы қатынас өзара келісіммен болғанын айтып, істі жапқызға
Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыздан жүктілік анықталды. Алайда қыздың анасы қатынас өзара келісіммен болғанын айтып, істі жапқызып, қызына түсік жасатқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"НеМолчи.kz" қорына Актөбе облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық көргені туралы ақпарат түскен. Оқиға әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін әкімдік бұл жағдай Актөбе қаласындағы оқушыға қатысты екенін растады.
"Кәмелетке толмаған қыз қазіргі уақытта отбасы дәрігерінің бақылауында. Ол анасымен бірге тұрады. 2024 жылы медициналық көмекке жүгінгенде, анасының келісімімен әлеуметтік себептер бойынша жүктілігі тоқтатылды. Қызға контрацепция (ішкі жатыр құрылғысы) қамтамасыз етілген. Басқа медициналық ақпарат құпия болып табылады," – деп хабарлады әкімдіктен.
Жағдайға қатысты Балалардың құқықтары бойынша өңірлік өкілі Айгүл Нүркеева да пікір білдірді.
"Мен учаскелік полицей, қамқоршылық органдары және кәмелетке толмағандар комиссиясының өкілдерімен бірге отбасына барып, тұрмыс жағдайымен таныстым. Анасы ата-аналық құқықтарынан айырылып, шектелмеген. Бұл жағдай менің бақылауымда," – деді Нүркеева.
Актөбе облыстық полиция департаменті хабарлағандай, аталған факт бойынша тексеру жүргізілген, бірақ қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ.
"2024 жылы медициналық тексеру кезінде кәмелетке толмаған қыздың жүктілігі анықталды. Анасы медициналық диагнозға байланысты медициналық аборт жасауға шешім қабылдады," – деп хабарлады полиция.
Қыздың анасы құқық қорғау органдарына құқыққа қарсы әрекет туралы шағым беруден бас тартқан. Барлық мәліметтер зерттеліп, жағдайға қатысы бар адамдардан сұрау алынған. Жасөспірім мен жігіт өзара келісім бойынша қатынаста болған.
"12–13 жасында кәмелетке толмаған қызға сексуалды зорлық жасалған болуы мүмкін деген дәлелдер расталмады. Процестік шешім қабылдауға негіз жоқ," – деп толықтырды полиция департаменті.


