43 жастағы әйел жасөспірім баламен қарым-қатынас құрып, бала босанды деп айыпталды
АҚШ-тың Иллинойс штатында тұратын Робин Полстон есімді әйел кәмелетке толмаған баланы азғырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Робин Полстон қаңтарда сәби босанған. Кейінірек полиция қызметкерлері сәбиге жасөспірімнің екінші есімі мен тегі берілгенін байқаған. Ал Полсттонның өзі баланың әкесі 25 жастағы Брайан есімді азамат екенін, оны босанғаннан кейін көрмегенін мәлімдеген. Алайда полиция оған сенбей, жасөспіріммен қарым-қатынасының айғақтарын іздеуді жалғастырған.
Тергеу барысында әйелдің телефонынан балаға қатысты интим сипаттағы фото және видео материалдар табылған. ДНҚ сараптамасы нәтижесінде нәрестенің әкесі дәл сол жасөспірім екені анықталды. Осыдан кейін Полстон қамауға алынды.
2023 жылғы мамырда Полстон қызы мен оның досын би кешіне апарғаны белгілі болды. Кейін жасөспірім басқа қалаға көшкен. Бірақ 2024 жылғы сәуірде Полстонның үйіне келген - бұл босану мерзімінен шамамен 40 апта бұрын болған. Ал тамыз айында ол қайтадан қалаға оралған.
Полстон өз кінәсін мойындаған жоқ және қазіргі уақытта сот шешімін күтіп жатыр.


