Ата-ана туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 1183

Бұл өмірдегі біздің баға жетпес қазынамыз – ана-анамыз. Біздің көз қуанышымыз, әркез тілеуімізді тілеп, біз үшін Жаратушыдан тынымсыз дұға жасап отырушы жандар. Жалғандағы сенімді серіктеріміз, қанша рет ренжітсекте бізге деген махаббаты мен мейірімі сарқылмайтын алтын тұлғалар. 

celuyushchie-rebenka-roditeli.jpg

Кез келген қиыншылық пен мәселені ақылдасып, дұрыс шешім қабылдауымыз да осы кісілердің алар орны ерекше. Ата-ана махаббатын ешқандай ұстаз да тәрбиеші де бере алмас. Біздің әрбір кішкентай жетістігіміз ол кісілер үшін үлкен мәртебе мен мақтаныш. Біз қуансақ шексіз қуанып, мұңайсақ бізбен қосыла күңірене мұңаятын жалғандағы жалғыз жандар. Ата-ана разылығы – Алла разылығы. Ата-ананың көзі тірісінде разылығың алуға талпынуымыз, олардың айтқан әрбір сөзі мен ақылын тыңдап, оған құлақ асуымыз біздің перзенттік парызымыз болмақ. Ол кісілер қартайғанда кішкентай балалар секілді болып қалады. Оларға ешқашан түһ деп жекуге, сөз қайтаруға, қарсы сөйлеуге мүлдем болмайды. Бізді шыр етіп дүниеге келген сәттен бастан ол кісілер өзінің шексіз мейірімі мен жанашырлығымен қорғап, қоршап жүреді. Ауырсақ түн ұзағына қасымыздан табылып, кірпік қақпай біздің жағдайымызды жасап отырғаны үшін де оларға ғұмыр бойына қарыздармыз. Өмір алма-кезек. Уақыт өте бізде ата-анамыз секілді перзенттер тәрбиелейміз. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің» деген сөзде терең мағына жатыр. Ата-анамызға қандай қарым-қатынаста болсақ, кейін балаларымызда бізден көрген әрекеттерді қайталайды. Ендеше, ана-анамызды көзінің тірісінде құрметтеп, қадірлегеніміз дұрыс-ақ.


Бақыт туралы мақал-мәтелдер
Ас туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу