Бақыт туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 2740

Бақ қонатын адамның,

Ұлы епті, қызы көрікті болады.


Бақыт балақтан басқа қонады.


Бақ таздың басына, 

Пұшықтың мұрнына қонады.


Бақ келді деп таспа,

Жау келді деп саспа.


Бармақтай бақ

қара суды теріс ағызған ақылдан артық.

Картинки по запросу свадьба

Ақыл қонбаған жігітке,

Бақыт та қонбайды.


Керіскеннің кесірі келген бақты кетірер.


Бағы тайған адамды

түйе үстінен ит қабар.


Бақ қонбас жігіттің іздегені дес болмас.


Шыбынның басына бақ қонса,

Самұрық келіп сәлем береді.


Арсыз болмаса, мал қайда,

Айлакер болмаса, бақ қайда?


Бас - бақ,

Ауыз - дарбаза,

Сөз - самал.


Тақ пен бақ егіз.

Жер асты сулары (реферат)
Ата-ана туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу