Еңбек туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 1525

Еңбек ширатады, өмір үйретеді.


Еңбек  - ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы.


Еңбек шаһар түзетеді,

Еңбексіздік жүдетеді.


Еңбектікі екеу болар.


Еңбек етсең, ерінің асқа тиер,

Ілбіп кетсең, иегің тасқа тиер.

Картинки по запросу жизнь

Еңбектен қашқан дөңбекке жолығар.


Еңбегің сайлы болса,

Ішің майлы болады.


Әдірә қалды бақ, дәулет,

Еңбек енді шын дәулет.


Азығымен жер мүсінді,

Еңбегімен ер мүсінді.


Көрнекті іс көмілмейді.


Сен істі сүйсең,

Іс саған бас иеді.


Өнімсіз іске өңмеңдеме.


Түйір нан - тамшы тер.


Ерте еккен бүтін алар,

Кеш еккен бүтін алар.


Жер жыртқанда ізің болмаса,

Қырманда жүзің болмайды.


Қарманған қарап қалмайды.


Жұмысы жемістінің өмірі келісті.


Жасында жалықпаған,

Қартайғанда тарықпайды.


Қатты жерге қақ тұрар,

Қайратты ерге мал тұрар.


Алтын шыққан жерді белден қаз.


Там салғанның тамтығы қалмайды.


Мехнат түбі - кейіс,

Рахат түбі - пейіш.


Серт берген шегінбес,

Еңбектенген ерінбес.

Қойшы туралы мақал-мәтелдер
Әпке туралы шығарма.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу