Сауда туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 3486

Сауда садақпен тең,

Иілсе бір түзелмейді.


Сауда соңы -  кемістік,

Шаруа соңы - келістік.


Алушы мал таныса,

Сатушыға не тұрыс.


Бай бауырын танымас,

Сауда досқа қарамас.

Картинки по запросу базар

Жортуыл түбі еш,

Сауда түбі - борыш.


Ұры қасын жейді,

Саудагер досын жейді.


Саудагер - қасық, ел - теңіз.


Саудагер құнықса,

Сақалын күзеп сатады.


Саудагер сақалды қолдан береді.


Саудагер есепке байиды.

Базар туралы мақал-мәтелдер
Менің әпкем туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу