Мемлекеттік қызмет (реферат)

Oinet.kz 15-12-2019 1166

Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары  болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.

Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ  жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.

Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.

Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б.

Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті – қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.

Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.

Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.

Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.

Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.

Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс.Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.

Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.

Социологиялық парадигмалар (рефераттар)
Саяси тәртіп (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу