Конституция күні. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 2445

«Конституция» латыншадан аударғанда «құрылыс» деген мағынаны береді екен. Бір ел болып жұмыла өмірімізді, тыныс-тіршілігімізді құрып мемлекет атану. Қазақстан конституциясын тұңғыш рет 1924 жылы, одан кейін 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Қазіргі таңдағы қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған.

boXqibimF5A.jpg

Ата заң елде болып жатқан барша жарқын істердің іргетасы. Конституция еліміздің мызғымас бірлігі, ынтымағы мен алтын тірегі болып еліміздің өркендеуіне зор ықпал етеді. Қазіргі уақыттағы бірлігі жарасқан Қазақстанның әлемдік аренада өзіндік жеке дара орнын қалыптастырып, әлем елдері үлгі алатындай мықты дәреже жете білді. Бұл Ата заңымыздың адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктің бәрін бойына қамтығандығынын арқасы. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Ал, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы деп айқын көрсетілген. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.

Өркендеп дамуыңыздың басты құжатына айналған Ата заңымызды бәріміздің құрметтеуіміз парыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таудауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

Республика күні. Шығарма
Менің туған жерім. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу