Қазақ хандығы туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 4059

Қазақ хандығының құрылуы қазіргі Қазақстан Республикасының іргетасының қалануы болды. Сол кезден басталған этникалық даму қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің пайда болуына негіз болды.

dbdfeed155a3e566673d7920cd28ba6e.jpg

Әр мемлекеттің өзіндің құрылу тарихы болады. Біздің елдің тарихы сонау 1465 жылдардан бастау алып келеді. Қазақ хандығы – Еділ мен Жайықтың, Әмудария мен Сырдария аралығындаға ұланғайыр жерді алып жатқан,  1465-1847 жылдары өмір сүрген мемлекет. Хандықтың құрылу тарихы тереңде. Хандықтың құрылымы монархиялық негізде құрылып, басшысы төре ұрпағынан шыққан сұлтандапр арасынан таңдалып алынады. Алғашқы ханы – Керей мен Жәнібек болған. Біз бұл хандар жайлы алғаш 4 сыныпта өткен тарих сабағынан білеміз. Осы аталарымыздың арқасында қазір біз әлемде жеке дара мемлекет болып қалыптастық.

Қазақ хандығының құрылуының арқасында әлемде біз өзіндік белгіленген жер аумағы бар мемлекетке айналдық. Ата-бабаларымыздың жерімізді сақтап қалу үшін жанаямай жасаған ерліктерінің нәтижесінде қазір бейбіт жерде өмір сүріп жатырмыз. Енді біздің парызымыз Қазақ хандығынан бастау алғын әлемдегі дербез мемлекетке айналған Қазастан мемлекетінің шұрайлы жерін қорғап, оның дамуы үшін тынбай әрекет жасау.

Тоқтар Әубәкіров. Шығарма
Тәртіп туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу