Су, егіншілікке қатысты ырым - тыйымдар

Oinet.kz 11-08-2020 1134

Су, егіншілік. Су – өмір тірегі. Су бар жерде – ну бар. Бұлақты жер – құрақты жер, деген даналық сөздер бекер айтылмаса керек. Тіршіліктің өзі алғаш суда пайда болған десек, су барлық тірінің бастау қөзі. Су жағасында қоныстаған қазақ халқы біртіндеп егіншілікке үйренді. Қазіргі кезде бүкіл қазақ халқының көптеген алқаптары, Әсіресе, менің тұған жерім оңтүстік өңірінде егіншілік – мақта өсіру, көкөніс, дәмді - дақылдары, жеміс - жидектерді өсіру шаруашылықтары кең жолға қойылған. Сондықтан егіншіліктің басты көзі су болғандықтан, судың қадірін, маңызын халық жақсы біледі. Суға байланысты, суды қастерлеп, қадірлейтін ырым - тыйым сөздері халық арасында көптеп кездеседі.

Суармалау — Уикипедия

Құдыққа түкірме
Қойныңа тас тығып, өсек құма бас бұғып.
Жасаған жөн әрқашан, жақсылыққа – жақсылық.
Ақыл – есің бүтінде, бол ұнамды пікірде.
Суын ішкен құдыққа, қайтып келіп түкірме.
• Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші: «Бір дәнің мың дән берсін» - деп амандасады.
• Егер диқаннан біреу - міреу егістік үшін дән сұраса, ол сұраушыға мүмкіндігіне қарай береді.
• Диқан өз қырманының астығын алып, пайдалануға кіріседі «Диқан атаның» атына бағыштап, Құраннан аят оқиды. Содан соң алғашқы өлшем қайыр – садақаға, «аққұлаға» бөлінеді. Бұл күндіз емес, міндетті түрде кешкісін оттың жарығымен жаласады.
• Жаңа өсіп кележатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.
• Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды, жанына дәретке отырмайды.
• Жар басына, суға өте жақын жерге үй тікпейді.
• Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызады.
• Түнде су алуға бармайды. Егер бара қалса: «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер», деп сүға үш рет кесек лақтырып барып алу керек.
• Шелектегі суға ауыз батыруға болмайды.

Оба ауруының таралу тарихы (чума)
Тиым сөздер туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу