Ашық сабақ. Математика. 4 сынып. Тест сұрақтары мен жауаптары

Oinet.kz 02-10-2019 2125

Мектебі: Көпкүтір БЖББМ

Күні: 18.01.2019

Мұғалімі: Утешова С.М

« Жас математик» жарысы.  4 сынып

 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген  қызығушылығын арттыру.Баланың зейінің, есте  сақтауын,  байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Балалардың логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту, ұтымды жауап беруге баулу.

 

Сабақтың түрі:сайыс.

 

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі .

 

Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер , қима қағаздар, тапсырмалар жазылған плакат.

 

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

- Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар,  ата-аналар мен оқушылар! Математиканың  жанккүйерлері ! Адамзат тариғында  қай кезеңде  болмасын ғұламалар ғылым мен  білім мәселелеріне  ерекше көңіл бөлген. Бүгін біз  математиканың қыр- сырымен  танысып, көңілді  демалып, білім күшімізді  сынау үшін  жиналдық.

 

-         Сайыскерлердің білімдерін бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

 

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар.

Сұрақтары қиын болсын- дей отырып, ортаға  алдынала  белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз.

(Сайыскерлер өздерін  таныстырып шығады )

Бүгінгі сайыс 6-кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа  1 ұпай беріледі. Алғашқы екі кезеңнен соң , ұпайы аз  ойыншылар  шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни « жас математик » қалуы керек.

 

1-    кезең. « Кім жүйрік ?» ( Логикалық есептер).

Сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер  1 қадам алға жылжып отырады.

1)    Қандай бұрыш 90 градус бұрыш жасайды ? ( тікбұрыш) .

2)    90 градустан кіші бұрышты ата. ( Сүйір бұрыш) .

3)    Қандай түзулер қиылыспайды ? (Параллель) .

4)    90 градустан үлкен  бұрышты ата. ( Доғал бұрыш).

5)    8:0 неге тең ? ( Санды 0-ге бөлуге  болмайды) .

6)    Көбейтудің қандай қасиеттері бар ?

7)    Қосудың қандай қасиеттері бар ?

8)    Текшенің қанша жағы бар ?( 6 жағы) .

9)    Ең үлкен 4 таңбалы санды және ең кіші 4 таңбалы санды ата.     ( 9999,1000) .

10)                      Бөлудің компоненттерін ата ?

2-кезең. Математикалық жұмбақ.

1)    Егіз қайық бой-бастары тең өскен,іске дайын, бұтақтары бес-бестен.  ( қос қол)

2)    Тышқаннан басқа батпаған, бір шланг, төрт баған. ( піл).

3)    Жүз төрт түйме, он бір ине. ( есеп шот).

4)    Екі аяқты бір ізді, үстіне адам мінгізді . ( велосипед) .

5)    Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.(ара).

6)    Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз. ( тоңазытқыш)

-Енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.

Нәтиже бойынша осы 2-кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз.

 

3-кезең. Математикалық диктант.

1)    760-тың 76-ға бөліндісін 10 есе кеміт;

2)    240-пен 360-тың қосындысын 60-қа бөл;

3)    18-дің 5-ке көбейтіндісінен 96-ның 4-ке бөліндісін азайт;

4)    805-пен 217-нің қосындысын 999-бен 998-дің айырмасына көбейт;

5)    Ең үлкен 3 таңбалы санға 1-ді қоссаң неше болады?

6)    5-ті 7 есе арттырып, оған 99-ды қос.

4-кезең. « Ойымды жалғастыр».

Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

1)Білекті бірді жығады, ( білімді мыңды жығады) .

2) Бес саусақ жиналса , ( жұдырық болады) .

3) Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына).

4) Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді).

5) Білгенің бір тоғыз, ( Білмегенің тоқсан тоғыз).

-Ал, енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже бойынша осы 2 кезеңнен ең төмен ұпай алған сайыскерлермен қоштасамыз.

Сәттілік тілейміз!

Енді ең соңғы 5-кезең « Жеңімпаз»

Жеңімпаз оқушыға тапсырмалар беріледі.

1.     «Бес» сөзінің бір әріпін өзгертіп, бірнеше жаңа сөз айту. ( 1 мин  айту).

2.     Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай ? Сен математика пәнін не үшін ұнатасың ?

6-кезең. Қорытынды бөлім.

Қазылар алқасына, келген қонақтарға сөз беру. Оқушылардан сайыстан алған әсерлерін сұрау.

 


Ашық сабақ. Математика. 8 сынып. Теңсіздіктер жүйелерін шешу
Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. Сандарды салыстыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу