Ашық сабақ. Математика. 8 сынып. Параллелограмм және оның қасиеттері

Oinet.kz 02-10-2019 1294

Мектеп: Үлкеншыған орта мектебі

Сабақ  тақырыбы: Параллелограмм және оның   қасиеттері

 

Күні      

Мұғалімнің есімі          Г.П.Алаева

 

Сынып   8 сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

 

Сабаққа негізделген   оқу мақсаты

 

8.1.1.3

параллелограмм анықтамасын білу;

8.1.1.4

параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;

 

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Параллелограмм анықтамасын және қасиеттерін

біледі, қасиеттерін қолданады

Оқушылардың басым   бөлігі:Параллелограмм және оның

қасиеттерін пайдаланып, тұжырым жасап қолданады

Кейбір оқушылар:Параллелограмм  қасиеттерінің ерекшеліктерін

 салыстыра отырып,   оларды қорытып шығару жолдарын және

қолдануын үйренеді

 

Бағалау   критерийлері:

 

 

Оқушы:

параллелограмм анықтамасын айта алады;

параллелограмм қасиеттеріне сүйене отырып өрнектің   мәнін қорытып шығарады;

 

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: - параллелограмды сипаттай алады;

- параллелограмм қасиеттеріндәлелдей алады;

Термин сөздер:         -параллелограмм;

-градус;

                                     -бұрыш;

                                   -бұрыштың   градустық өлшемі;

                                     -геометриялық фигура;

                                     -диаметр.

Сөз тіркестері: қарама-қарсы қабырғалары параллель болып келген

                           төртбұрыш ... деп   аталады.Параллелограмның қарама-

                           қарсы ... тең және   қарама-қарсы ... да тең.

Параллелограмның ... қиылысу нүктесінде ... бөлінеді.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын насихаттай отырып,

-жеке тұлға пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын   құрметтеуге баулу

-өз ұлтына, халқына мақтаныш сезімін ояту

Пәнаралық   байланыстар

Сызу (параллелограмды сызу ережелері)

АКТ қолдану   дағдылары

Bilimland.kz сайтынан видео жазбаны пайдалану

Алдыңғы оқу/   Бастапқы білім

үшбұрыштар теңдігінің белгілері, параллель түзулердің   белгілері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған    жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

5мин

Амандасу

Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге 5 сұрақты тест тапсырмасын құрастыруға

берілді: ( Үшбұрыштар теңдігінің белгілері, Параллель   түзулердің белгілері).

(Барлық   оқушылар бір тапсырманы орындаса да олар өздерінің

мықты және   әлсіз тұстарына қарай тапсырманы орындап шығады)

«саралаудың»   қорытынды тәсілі.

Оқушылар көршісімен дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі   тексереді.

Қорыту үшін екі жұлдыз бір тілек айтылады.

 

Бұл тест тапсырмасын орындау барысында оқушылар өтілген

тақырыптарды     еске түсіреді.

 

Сабақ тақырыбын мақсатын айтып өту

 

Интерактивті

 тақта,

оқулық

Ортасы

30мин

Жаңа сабақ:Топтарға тапсырма беріледі: Параллелограмм анықтамасын

және параллель түзулер белгілерін пайдалана отырып   қасиеттерін

дәлелдеу.

«Ақпаратпен   жұмыс істеу дағдыларын дамыту» тәсілі.

Бұл әдіс оқу мақсатына жетуге ықпалын тигізеді және   оқушының

берілген тапсырма бойынша кезекпен түсініктеме алып,   талдау

жасауға көмектеседі.

 Топта постермен   жұмыс жасайды.

«Галерея әдісі» қолданылады

Бағалау кретийлері:

1)Параллелограмм анықтамасының

2)  Параллель   түзулердің теоремаларының тиімді қолданылуы

3) Сызбалардың дұрыс сызылуы

 

1-тапсырма. Егер 1) ˂А= 80º, 2) ˂В - ˂А=30º, 3) ˂А+ ˂С=140º

болса, АВСD параллелограмның

бұрыштарын табыңыз.

 

Бағалау критерийіДескриптор*Параллелограммның қасиеттерін қолданады *Параллелограммныңбұрыштарынайнымалы арқылыөрнектейді; *ПараллелограммБұрыштарының қасиеттерін қолданады; *Теңдеу құрып оны шығарады *Параллелограмның бұрыштарынтабады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ «Ойлан-жұптас-бөліс»   әдісі қолданылады, бұл әдіс берілген   есепті

әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы шығарып, жұп болып

 пікірлермен   бөліседі.

Бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

Оқушылар , жаңадан меңгерген теоремалардың

көмегімен түрлі мүмкіндіктер ұсыну және талқылау  арқылы есептерді

 шешудің   математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталанады

(Белсенді   оқытудың «Бекіту және қолданысқа енгізу» әдісі)

 

 

2-тапсырма.Жеке   жұмыс. АВСD параллелограмм, AC   = ?  BD = ?  Берілгені:

ВО   = 6см, ОС = 4см

 

Бағалау критерийіДескрипторПараллелограмның қасиетінқолданады *Параллелограмныңдиагональна қатыстытеореманы қолданады *диагональдардың ұзындығын есептейді

 

 

 

 

 

 

 

 

Теорема бойынша: АС = 2*ОС,  BD = 2*BO

Осыдан, AC = 2*6 = 12см    BD =2 *4 = 8см

Есеп   қалыптастырушы бағалаудың «Бұрыштар» тәсілі арқылы

тексеріледі:

Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың

қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топта   тұжырымдайды және

өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.

 

Сергіту   сәті. Ғимарат құрылысын   жасау.

Мақсаты: Геометриялық фигураларды ажыратуға жаттықтыру,

ойлау қабілеттерін, зейін процестерін дамыту.

Мазмұны: геометриялық пішіндерді таратып беру, ғимараттар   үлгілерін

беру.

 

3-тапсырма.

ҚБ   «Дыбыстау» әдісі қолданылады. Бұл әдіс   тақырып бойынша

мазмұнымен анықталған, сол үшін осы әдісті қолданып   отырмын.

Bilimland.kz сайтынан параллелограмм

 және оның   қасиеттерін түсіндіретін видео дыбыссыз көрсетіледі.

Оқушылар сол дыбыссыз көрсетілген видеоны дыбыстауын   тапсырады.

А3,

Маркерлер

Үлестірмелер

Видео

Аяқталуы

5мин

Кері байланыс: Жинақтау парақшасының индексі

Өтілген тақырып   бойынша негізгі идеялар;

 Өтілген тақырып бойынша түсінбегеніңізді   жазыңыз;

 


Қосымша ақпарат

Үйге тапсырма

Саралау - Сіз қосымша   көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет   қоюды жоспарлайсыз?

 

«қорытынды»  тәсілі

«Ақпаратпен   жұмысістеу дағдыларын дамыту» тәсілі

Белсенді   оқытудың «бекіту және қолданысқа енгізу» әдісі

Бағалау - Оқушылардың   үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

«Бұрыштар»   тәсілі

«Ойлан-жұптас-бөліс»   әдісі

«Дыбыстау»   әдісі

Сабақ бойынша   рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және   неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе   табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе   сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында   сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім?   Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.








Ашық сабақ. Математика. 4 сынып. Көптаңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу
Ашық сабақ. Математика. 8 сынып. Квадрат теңдеулер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу