Ашық сабақ. Балабақша балаларының ертеңгілігі. Ақ қоян

Oinet.kz 05-10-2019 734

Ақ қоян

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
Ақ қоян

Мақала авторы: Арыстангалиева Аманкул Сапаковна
Жұмыс орны: МКҚК "Күншуақ" бөбекжай-бақшасы
Лауазымы: тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 15.11.2017


№2 «Ақбота» І кіші тобының жаңа жылға арнаған ертеңгілігі.

«Жасыл шырша жанында»

Залда көңілді әуен ойналып тұрады. Балалар, тәрбиешілермен бірге залға кіреді.

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, балалар! Саламатсыздар ма, қонақтар!

Жаңа бақыт, жаңа жыл!

Жаңа өлең, жаңа жыр,

Балғын бөбек, балалар.

Құтты болсын, жаңа жыл!

Балалар қараңдаршы шыршаға ойыншықтары қандай әдемі жарасып тұр. Қандай әдемі. (балалар шыршаны жақындап келіп тамашалайды)

Балалар жасыл шырша мерекесіне біреулер жетіспей тұрған сияқты. Олар кімдер?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші: Дұрыс, ал бірігіп бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Аяз ата, Ақшақар (дауыстап шақырады)

(осы сәтте қатты жел мен боран дауысы шығады, залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Келе жатырмыз, келе жатырмыз. Балаларым, балғындарым. Қандай әдемі  менің балаларым, балғындарым. Қандай керемет киімдерің де, өздеріңде қандай тамаша. Балаларым, балғындарым шыршаларыңның шамы жанбай тұр екен, қане бәріміз сиқырлы  сөз айтайық. (таяғымен сілтеп)

Таңырқат, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат – деп шыршаның шамдарын жағады.

Жүргізуші:       Тамаша! Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Әсем, әсем, ойыншығы

Көз тоймайды қараса

Жасыл шырша жанында

Ән айтайық тамаша.

Ән: Әй – әй ата

Таң ата келді Ата

Ақ тоқаш берді Ата

 Әй – әй Ата

Әй  Ата

Кеш бата келді Ата

Ойыншық  берді Ата

 Әй – әй Ата

Әй  Ата

Жүргізуші: Аяз ата сіз шаршаған шығарсыз сіз отырып дем алыңыз, балалар сізге арнап тақпақтар айтып берсін.

Аяз ата: Жарайды (орындыққа жайғасады)

  • бала: Жаңа жыл, жаңа жыл

Тамаша тойымыз (Аружан)

  • бала: Алақай – алақай

Өседі бойымыз (Нұрдәулет)

  • бала: Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала (Нұржан)

  • бала: Аққала, аққала

Сәлем жолда атаға (Ернар)

  • бала: Сағынып көп күткен

Атамыз келеді (Жұбаныш)

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым, балғындарым тамаша тақпақ біледі екенсіңдер. Ал, енді балаларым,балғындарым сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Үсіремін»

Ән: «Мерекеге келдік»

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтар тізілген,

Шыршаны да көрдік.

Аяз ата келді,

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыз тағыда сізге тақпақтар айтып береді.

  • бала: Алақай – алақай

Көп сыйлық береді(Альмира)

  • бала: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған (Али)

  • бала: Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған (Еркебұлан    )

  • бала: Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары (Мейірман)

10-бала:     Енді дала Алақай!

Ақ күміске толады (Бекжан)

Ақшақар: Ата, Ата бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты, кім болды екен?

(музыка әуенімен залға қоян секіріп кіреді)

Қоян: Бұл мен ғой Ақ қоян. Саламатсыздар ма балалар! Саламатсыздар ма қонақтар!

Ақшақар: Саламатсыз ба аққоян. Сен бізге аяз сыйлықтарды алып келдің ба?

Қоян: Жоқ, мен балалалармен жаңа жыл тойына би билеуге келдім. Менің кішкентай көжектерім қайда екен.

Би: «Қояндар»

Қоян: жарайсыңдар, балалар! Сендерге көп – көп рахмет. Жақсы би билейді екенсіңдер. Енді мен басқа балалармен би билеуге барайын, жақсы сау болыңдар! (қоян залдан шығып кетеді)

Ақшақар: біздің сыйлықтарымызды кім әкеліп береді екен?

Аяз ата: Қап, мен сыйлықтарды ұмытып кетіппін ғой.

(есік қағылады, ішке музыка әуенімен Қуыршақ кіреді, артында сүйреген машинасы бар, үстінде Аяз атаның қапшығы тиелген)

Қуыршақ: Саламатсыздар ма, балалар! Саламатсыздар ма, қонақтар!

Мен көңілді ән мен биді ұнататын Қуыршақпын. Мен сіздерге Аяз атаның сыйлық салынған қапшығын әкелдім. Сыйлықтарыңды алу үшін бірінші бәріміз  мына «Қуыршақтар» биін билейік.

Би: «Қуыршақтар»

Қуыршақ: Жарайсыңдар, балалар! Сендер тамаша билейді екенсіңдер. Керемет биледіңдер. Енді сыйлықтарыңды Аяз ата мен Ақшақарға беремін. Сіздерге таратып береді. Ал мен басқа балаларға барып би билеймін. Жақсы сау болыңдар! (қуыршақ залдан шығып кетеді)

Аяз атамен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып береді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Осымен шағын №2 І кіші топ балаларының Жасыл шырша жанында ертеңгілігі аяқталды. Жақсы сау болыңыздар!

Реферат. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Ашық сабақ. Математика. 3 сынып. Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу