Ашық сабақ. Қазақ тілі. «Көктем» мәтінмен жұмыс. «С» дыбысын машықтандыру

Oinet.kz 05-10-2018 1245

«Көктем» мәтінмен жұмыс. «С» дыбысын машықтандыру

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
«Көктем» мәтінмен жұмыс. «С» дыбысын машықтандыру

Мақала авторы: Қойшыбаева Индира
Жұмыс орны: Қызылорда қаласы. №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты.
Лауазымы: Мұғалім-логопед
Порталға жариялану мерзімі: 21.02.2016


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың  көктем мезгілі  туралы  түсінігін    кеңейту, білім-деңгейі, ой-өрісін  дамыту.

                                        Түзетушілік: Сабақ барысында  қолданатын  сөздік  материалды естіп  ажырата білу. Сөздерді , сөйлемдерді естіп, қабылдауға үйрету. Дыбыстарды дұрыс   айтуға   дағдыландыру.

Тәрбиелік: Туған жер  табиғатын  аялауға , құстарды қорғауға,     қамқоршы болуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: көктем суреті, карточкалар, компьтер, слайд.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

 

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Қазір қандай жыл мезгілі ?

2.Көктем айларын ата.

3.Бүгін  сәуірдің  нешесі?

4.Аптаның қай күні?

 

1.Есту қабілетін дамыту:  найзағай,жаңбырдың даусын естіп, оқушы олар туралы  айтып береді.

  1. Мәтінмен жұмыс: Көктем.

Көктем келді. Күн жылына бастады. Аспан көкпеңбек. Жеңіл, аппақ, ұлпа бұлттар көрінеді. Күн шайдай ашық. Алғашқы  көк шөптер пайда болды. Ағаш бастарында кішкентай  жапырақтар  көрінеді. Жылы жақтан құстар ұшып келе бастаған. Балалар  құстарға  арнап  үйшіктер жасады да, ағаш бастарына ілді.  Көктемде  ағаштардың  түбін қопсытып, гүл,көкөністер отырғызып, егін егеді, жер жыртады.

 

3.Мәтін бойынша берілетін сұрақтар:

1.Көктемде аспан қандай болады ?

2.Көктемде  қандай жұмыстар басталады ?

3.Саған көктем ұнай ма ?

 

4.Орын ауыстырылған  сөздерден сөйлес құра:

Жылынды, көктем, келіп,күн.                               Көктеп келіп күн жылынды.

Жыртылып,жер, еге бастады,егін.                        Жер жыртылып,егін еге бастады.

Отырғызды, жеміс, ағаштарын ,балалар.            Балалар жеміс ағаштарын отырғызды.

Келе  бастады, жылы жақтан, ұшып,құстар. Жылы жақтан құстар ұшып келе бастады.

 

  1. «С» дыбысын машықтандыру.

  2. «С» дыбысын дұрыс айтып дағдыландыруға арналған жаттығулар.

«Ысқырғыш  шәйнек».Әжем базардан  жаңа  шәйнек  сатып алып келді. Ол  шәйнек  ішінде  су қайнаған  кезде қатты ысқырады. Қалай ысқырады ? –С –С – С

«Жыланның  ысылы».Балалар орман ішінде  келе жатыр еді. Алдарынан  жылан шыға келді де  қатты ысылдады. Олар  қорқып тоқтай  қалды. Жылан қалай ысылдайды? –С –С — С

 

  1. «С» дыбысын буында айтуға дағдыландыруға 

«С» мен «У» дыбыстары доптың үстінде секіріп келе  жатып соғысып қалды. Қандай буын пайда болды ?  СУ

«С» мен «О» дыбыстары қайықта  серуендеп жүріп қарама-қарсы кездесіп қалды. Олар қуанып, өлең айтты. Олар қандай өлең айтты ? СО

 

8.Буындарды дұрыс оқы.

Са-со-су-сы                                        Сы-со-сұ-са

Со-су-са-сы                                        Са-су-су-сұ

Сұ-со-са-сы                                        Сы-су-сұ-со

 

  1. «С» дыбысын сөздерде айтып дағдыландыру.

Сан       сақа     сабақ       сандық.

Сал       сана     сабын      саусақ.

Сол       сала     сағат       саясат.

Сай       Сара    салат      Санжар

 

  1. «С» дыбысын созып айт.

С—————————-она

С—————————-ара

С—————————-ала

С—————————-ына

 

Ба—————————с

Та—————————с

Қа—————————с

Жа————————-с

До————————-с

  1. «С» дыбысы сөздің қай жерінде  естіледі: басында , ортасында, аяғында. Суреттерді дұрыс ата.

 

—абын               қа—қыр                 қа—ық

Күнбағы—          —ағат                      ма—а

А—ық                ыды—                     мы—ық

 

12.Керісінше ойыны. Мен  бір сөзді айтам, сен соны көпше түрінде айт.

 

Құс-құстар

Ыдыс-ыдыстар

Сабақ-сабақтар

Қасқыр-қасқырлар

Сандық-сандықтар

Қасық-қасықтар

 

  1. Мына адамдардың мамандықтарын айт.

АСПАЗШЫ    САТУШЫ

ҚҰРЫЛЫСШЫ       САУЫНШЫ

Бағы қандай  мамандықтарды білесің?

 

14.Ребус шешу.

Мына суреттердің  бірінші  әріптерін қосып оқысаң , ұлдың атын табасың: САМАТ

Мына суреттердің  бірінші  әріптерін қосып оқысаң , қыздың атын табасың: САРА

 

15.Сөйлемдерді толықтырып аяқта.

Асхат———— сатып алды.

———— жусан жеді.

Самал ——— еден сыпырды.

Мақсат пен Муса ———— ұстап алды.

  1. Сабақты қорытындылау.

— Біз бүгін  сабақта не істедік ?

-Оқыдық, тыңдадық, сөйледік.


Қазақстан тарихы. XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
Реферат: 1920–80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу