Ашық сабақ. Отбасы тәрбие діңгегі

Oinet.kz 05-10-2019 823

Тақырыбы: «Отбасы - тәрбие діңгегі»
Мақсаты:
 Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті:
 Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі:
 Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят
жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі:
 Әңгіме,  сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды, ата-аналарды түгенеу.


2. Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды ата-анларымен топтастырып, тақырыппентаныстыру.
Кіріспе сөз:
 Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда
Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.
Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-аялы алақан мекені», атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кезде  жетті. Кезекті сайысқа түсетін
топтарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.


Қазақстан тарихы. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Қазақстан тарихы. Орал көтерілісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу