Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Бала Мәншүк

Oinet.kz 05-10-2019 991

Төртінші аптаКүні:4 « »Сабақтың тақырыбыБала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова)СілтемеӘдебиеттік оқу оқулығы. Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрім,Б.Р.Базарбекова. Алматы: Атамұра, 2015жЖалпы мақсатыМәтіннің негізгі ойын тауып, түсінеді.Күтілетін нәтижелерҚазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныса отырып , оның ерлігі туралы түсінік алады.. Сөздік қорлары молаяды. Ұқыпты, шапшаң болуға тәрбиеленеді.Сабақ түріАралас сабақҚолданылатын әдіс-тәсілдерСын тұрғысынан ойлау стратегиялары:−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;−Ой қозғау;−Алынған ақпарат негізінде постер жасау,«Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдеріКеректі жабдықтарИнтербелсенді тақта, суреттер,үлестірмелік карточкалар.Сабақ барысыСабақ кезең -деріУа-қытМұғалім әрекетіОқушы әрекетіМодуль-дер көрінісіМұғалім әрекеті Оқушы әрекетіМодуль-дер көрінісіТопқа бөліну3 минI.Кіріспе. Алтын ереже құру. -әрбір адам-әрбір сабақ-әрбір ойым-әрбір ісімТопқа бөлу.Қызығушылықтарын ояту.Мақал-мәтелдердің қиынды-лары арқылы оқушыларды топқа бөлінеді.Топ ережесін құрады. Топтарға бөлінеді.-туысым, досым, жұрағат-үйрену, ұғу ұлағат.-достық, бірлік, адалдық-шындық пенен адамдық!І топ: БатырІІ топ: ЕржүрекІІІ топ: ҚайсарІV топ: ӨжетОЖТ (ДО)Үйтапсыр-масын тексеру5 минІ. Қызығушылықты ояту.- Өткен сабақта қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?- Әлия Молдағұлова- Әлия туралы білімімізді жинақтайық.Әлия қалай естеріңде қалды?I топ Әлияға мінездеме.II топ Әлияның ерлігі (жауапкершілігі, қайсарлығы)III топ Әлия - Шығыс шынары. (Кенес Одағының батыры, қазақтың қаһарманы қызы,)IY топ Әлияның өмірі«Ыстық орындық» страте-гиясы қолдандылды.Әр топ тапсырмаларын қорғайды. Әр топтың пікірі құнды.Ассоциация құру (байсалды, қайратты, ақылды, өжет, қайсар, жауынгер, батыр, ержүрек, батыл)- Ә. Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Рақымжан Қошқарбаев)ОЖТ (ДО)Білу8 минЖаңа тақырыпқа бағыттау .Ой қозғау: - Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?Мәншүк Мәметова.Авторы:М.ХакімжановаБалалар, сендер «Білгім келеді» бөлімін топтастырғанда тереңірек білгім келеді дедіңдер ғой.Мәтіннің авторы туралы тұжырым жасай алады, сөздік қоры артады.ББҮ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке - жеке орындайды«Білемін» бөлігін топтастырады.Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.СТООЖТ (ДО)АКТБейне-фильмТүсіну7 минҚазір мен бейнефильм ұсынамын.Бейнефильмнен «Білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма?Қандай сезімде бейнефильмнен кейін отырсыңдар? (аянышты екен)- Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? (18 жаста)Мәншүк Мәметова 1922 жылыБатыс Қазақстан облысы,Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіп «Моншағым» деп атап кеткен.Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?Пулеметші болғаны рас па?Ол туралы қандай өлең бар?2. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі бір сұрақтан сыныпқа жариялап айтады.СТОДОСергіту сәті2 мин« Ширату жаттығуы» қимылмен жасап көрсету.Оқушылар қимылды жасап, бойларын жазып алады.Қолдану3 минТопқа тапсырма: Оқулықпен жұмыс.Оқулықта «Бала Мәншүк» туралы М. Хакімжанованың естелік шығармасы бар.- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар?1-топ. Автор туралы берілген мәліметті оқып, айтып түсіндіреді.2-топ «Ауылдан келген қазақ қызы»3-топ «Мәнсияның байсалдылығы»4-топ «Мәнсияның жанама аты»Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір - біріне айтады.«Түртіп алу» әдісі.Әр топтан бір оқушыдан түсінген-дерін айтып шығады.Автормен таныстыру: М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны.«Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.ОЖТ(ДО)Талдау10 мин«Ой ширату»I топ –Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның қандай мінездері ұнады? Өздеріңе ше?ІI топ – Әңгімедегі Мәнсияның қандай қызықты жайы естеріңде қалды?III топ – Сендердің ойларыңша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?IY топ- Мәнсияға мінездеме бер.Әр топ постерді қорғайды.Сөздік жұмыс. Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп қойыңдар.Дәптермен жұмыс «Түртіп алу» әдісі.Дерлік – түгел, бәрі, айтарлықӘсте қыңыр – басқаша, қызық, бір түрлі, өзгеше сөйлейдіДомбығып – ісіну, томпаюТопта талдау, сұрақтарға жауап беру.СТОЖинақ-тау4 минЖеке жұмыс жасайды.Семантикалық кестеТоппен жұмыс жасайды.Бес жолды өлең құрастыру.Зат есімЕтістікСын есімСинонимСөйлем«Автор орындығына» келіп, жазғандарын оқып береді.ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін толтырады.Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?Пулеметші болғаны рас па?Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!Оқушылар өз ойларын жазып шығады.Бес жолды өлең құрастыру.1. Зат есім. Кім? – Мәншүк2. Етістік Не істеді? Қайтті? – атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.3. Сын есім. Қандай? – ержүрек, батыр, өжет.4. Синоним. Мәншүк - Мәнсия5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.Білемін Білгім келеді ҮйрендімМәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.2. Олар бір - бірімен кездеспеген.3. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.4. 19 жасында майданға аттанған.5. Пулеметші болған.СТОДОҮй тапсыр-масы1 минМәтінді мәнерлеп, түсініп оқып келеді.Мәншүк Мәметова туралы мәлімет жинақтап келу.Берілген тапсырманы күнделікке жазады.БағалауКері байла-ныс2 минСмайликтермен«Екі жұлдыз, бір тілек»Тілек: «Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!» демекпін.Бағалау парағы (топ басшылары сөйлейді).Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ұнаған екі әрекеттері туралы ойларын және бір ұсыныс, тілектерін стикерке жазадыОҮБ ОБ
53 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбекова Ғайша Есенбайқызы

4«Ж» сыныбына Әдебиеттік оқу пәнінен

Тақырыбы: М.Хакімжанова «Бала Мәншүк»

Өтілу мерзімі: 28.04. 2016жыл.


Сабақтың дайындығын орта мерзімді сабақ жоспарын құрып, мақсаты мен міндетін анықтап,табыс критерийін құрудан бастадым.



Мақсаты:

Бала Мәншүк мәтінін оқытып, мазмұнын, мағынасын түсіндіру. Жазушының бұл мәтінде адам бойындағы ең үлкен қазына – батырлық, ержүректік, қайсарлық, өжеттік , Отансүйгіштік екендігін кейінгі ұрпағына өсиет ретінде жазылғандығын айтып, жазушының шеберлігін ашу.
Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрістерін дамыту.
Сөздік қорларын арттыру.
Оқушы жүрегіне қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүктің ерлігіне деген сүйіспеншілікті ояту. Ержүрек, қайсар, күшті болуға шақыру.

Күтілетін нәтиже: Жаңа сабақты меңгереді, жазушының өмірбаяны, шығармаларымен танысады. Мәтінді мәнерлеп дауыс ырғағымен оқуға, көркем және сауатты жазуға дағдыланады. Топтық жұмыс арқылы көшбасшы балалар анықталып, өзі-өзі, сыныптасының жұмысын бағалауды үйренеді. Топтағы балалардың белсенділігі анықталады.

Оқушыларды ортаға шығарып, шаттық шеңберін құрып психологиялық дайындық жасалды.

Мақал-мәтелдердің қиындылары арқылы оқушыларды «Батыр», «Ержүрек», «Қайсар», «Өжет» болып төрт топқа бөлінді.

Үйге берілген тапсырманы «Шығыс шынары» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бере отырып пысықталды. «Ыстық орындық» стратегиясы қолданылды. Үй тапсырмасын орындау барысында кейбір деген оқушылар сабаққа дайындықсыз келгені байқалды. Әлия қалай естеріңде қалды?


I топ Әлияға мінездеме.
II топ Әлияның ерлігі (жауапкершілігі, қайсарлығы)
III топ Әлия - Шығыс шынары. (Кенес Одағының батыры, қазақтың қаһарманы қызы,)
IY топ Әлияның өмірі
Ассоциация құру (байсалды, қайратты, ақылды, өжет, қайсар, жауынгер, батыр, ержүрек, батыл)
- Ә. Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Рақымжан Қошқарбаев)

Ой қозғау: - Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім? Мәншүк Мәметова. Авторы: М.Хакімжанова

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру үшін әр топқа «Инсерт» кестесінің «Білемін» бөлімін толтырды. «Мәншүктің туралы ән» бейнефильмінен үзінді көрсетілді.

Бейнефильнен «Білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма? Бейнефильмнен кейін қандай сезімде отырсыңдар? (аянышты екен)


- Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? (18 жаста)
«Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі бір сұрақтан сыныпқа жариялап айтады. Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па? Ол туралы қандай өлең бар? «Сергіту жаттығуы» жасалды. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта «Бала Мәншүк» туралы М. Хакімжанованың естелік шығармасы бар.
- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар? Топпен жұмыс. 1-топ. Автор туралы берілген мәліметті оқып, айтып түсіндіреді.

2-топ «Ауылдан келген қазақ қызы»

3-топ «Мәнсияның байсалдылығы»

4-топ «Мәнсияның жанама аты»

Әр топтан бір оқушыдан шығып, мәтіннің мазмұнын айтып шықты.

«Ой ширату»
I топ –Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның қандай мінездері ұнады? Өздеріңе ше?
ІI топ – Әңгімедегі Мәнсияның қандай қызықты жайы естеріңде қалды?
III топ – Сендердің ойларыңша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?
IY топ- Мәнсияға мінездеме бер.

«Түртіп алу» әдісі. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс. Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп қойып, дәптерлеріне жазды. Топта талдау, сұрақтарға жауап беру.
Әр оқушыға «Семантикалық кесте» беріліп, толтырылды. Семантикалық кестені толтыру барысында кейбір оқушылар қате жіберді. Мысалы: Айдана, Досжан, Айша,Нұрислам, Анар. Топпен жұмыс жасайды.

Бес жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім? – Мәншүк
2. Етістік Не істеді? Қайтті? – атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.
3. Сын есім. Қандай? – ержүрек, батыр, өжет.
4. Синоним. Мәншүк - Мәнсия
5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы. «Автор орындығына» келіп, жазғандарын оқып береді.

Сабақты қорыту Жаңа сабақты меңгергенін анықтау үшін «Инсерт» кестесінің соңғы «Үйрендім» бөлігін жазғыздым. Сабақ соңында оқушылардың бағалау парағындағы белгілер бойынша топ көшбасшысы бағалап шықты. Сабаққа жақсы атсалысып қатысқан оқушылар Айгерім, Гүлназ, Әсем, Меруерт, Сабина, Нұрсұлу, Нұрислам, Әсемай, Алмат, Темірлан т.б . Соның ішінде Айгерім, Әсем, Сабина, Әсемай топ көшбасшысы деп тағайындадық.

Сабақты жоспарлап, өткізу арқылы мен нені үйрендім?

1. Мақсат пен міндетті жас ерекшелігіне және білім деңгейіне сай анықтап қоюды.

2. Сабақ жоспарларына болжам жасауды.

3. Қолданатын әдіс-тәсілдерді баланың ойлауына қарай бағыттап құруды.

4. Оқытуды бағалаудың тәсілдерін анықтауды.

5. Оқушыларды қиын тапсырманы орындауға үйрететін тәсілдерді дұрыс қолдана білуді үйрендім.


Оқушылар іс-әрекетіндегі өзгерістер:

  1. Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, білгенін ортаға салуды үйренді.


  2. Топтық, жұптық жұмыс істеу дағдылары қалыптасты;


  3. Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыруға, ойын еркін айтуға үйренді;


  4. Белсенділігі артты;


  5. Өзін-өзі бағалауға үйренді;


  6. Өз пікірін қалыптастыра бастады;


  7. Білуге, түсінуге, қолдануға, талдауға, жинақтауға, бағалауға үйрене бастады.

Ұстаздар сабаққа қатысып, сабақтағы кемшіліктер мен жетістіктері жайында талқылады.



Ұсыныстар. - Қиындыларынан құрастырған мақал – мәтелдерді оқушылар қолдарына ұстап тұру керек еді. Сонда балалардың өздері мақал-мәтелдерді толық оқитын еді. –Балалардың жауабын аяғына дейін толық айтуға мүмкіндік жасау керек.

Мәриям Хакімжанова (16 қараша 1906, қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданы Қобыланды а. — 1995, Алматы) — ақын, ҚР-ның халық жазушысы (1986).



Абай атынд. ҚазПИ жанынан ашылған жұмысшылар ф-тін бітірген (1934).

  • “Әйел теңдігі” журналында әдеби қызметкер (1929 — 1932), жауапты хатшы (1932),


  • Орынбор облысы Адамовка ауданы “Екпінді” газетінде бөлім меңгерушісі (1936 — 1937),


  • Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің меңгерушісі (1938 — 1944),


  • Тіл және әдебиет ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1945 — 1947),


  • Респ. кітап палатасында (1947 — 1951),


  • “Жаңа өмір” журналында (1951 — 1956),


  • Қазақстан мемл. көркем әдебиет баспасында аға редактор (1956 — 1958) қызметтерін атқарды.


  • Шығармалары[өңдеу]


  • Тұңғыш өлеңі “Женотдельге” 1929 ж. “Әйелдер теңдігі” журналында жарияланды.


  • Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 ж. жарық көрді.


  • Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945, орыс тілінде 1947),


  • “Ана махаббаты” (1953, таңдамалы),


  • “ Ана көктемі” (1963),


  • “Гүл туралы аңыз” (1970), т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары,


  • балаларға арналған “Бөбегім менің — өлеңім менің” (1959),


  • “Ана мейірімі” (1964) жыр жинақтары басылды.


Хакімжанова Мәриям өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Ол балалар жазушысы Т.Диктің “Отты бұлақ” повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Хакімжанова Мәриям-ның өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған.


Ашық сабақ. Қазақстан тарихы. «Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының құрылуы.»
Биология. Хромосомалардың морфологиясы және көлемі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу