Эссе: Бейбіт өмірдегі ерлік

Oinet.kz 05-09-2020 2162

Ерлік – қоғам үшін мәні зор әрекетті жүзеге асыру. Бейбіт күндегі ерлік – адами борыш пен рухани жігердің көрінісі. Майданда да, бейбіт өмірде де ерліктің мазмұны бірдей.


«Ерлік білекте емес, жүректе» деген сөз бар. Біріншіден, адам ерлік жасаймын деп мақсат қоймайды. Екіншіден, ерлік кенет орын алған оқиғаға байланысты жүректің шешімімен жүзеге асады.


Ерліктің қозғаушы күштері – батыл шешім, адамгершілік ұстаным мен азаматтық жауапкершілік. Олай болса, түрлі апат, тілсіз жаудан құтқару әрекетінен бастап, өтірік айтпау, қателікті мойындау да – ерлік.


Демек, өмір – ерлік алаңы. Кейде өмір мен уақыт ерлік жасайтын кейіпкерді өзі таңдайтындай көрінеді. Алайда әр адамның ерлікке парапар шешімі болады. Сіз қалай ойлайсыз?


Шешендік сөздер. Тайкелтірдің төрелігі
Эссе: Мектеп – өмір бастауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу