Күз туралы эссе

Oinet.kz 05-09-2020 744

Мұғалім күз ерекшелігі туралы сұрады. Сыныптастарым берген жауаптар қайталана бастады. Ерекше жауап бергім келеді. Меніңше, күздің ерекшелігі – көктем, жазда атқарылған еңбектің қорытындысын шығарып, қысқа даярлайтын жауапкершілігінде. Ол өз міндетіне адал табиғат сақшысы сияқты.


Күз – жыл мезгілінің ерекше кезеңі. Ең алдымен көктемнің еркелігін, жаздың жарқын мінезін, қыстың қаһарын да өз бойынан көрсете алады. Екіншіден, ғажап бояулар мен сән әлемі. Адамдар күздің өзгерісіне бағынып, киімдерін алмастырып, сән әлеміне енеді. Үшіншіден, нағыз сиқыршы! Ауа райын, табиғат суретін өзгертеді.


Қорыта айтсақ, сегіз қырлы, бір сырлы құбылыс! Кейде дана қарт, адамдарды сынайды, шынықтырады, тәрбиелейді. Шынайы ұстаз! Өмір сабақтарымен бірге білім еліне есік ашады. Міне, осынысымен ерекше!

Әңгіме. Қойшы бала
Әңгіме. Ата насихаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу