Әңгіме. Полкан деген ит

Oinet.kz 05-10-2019 912

image.png

Біз оқып жүрген шағымызда ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда әлгі Полканға бір кішкентай канден ит келіп өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тістей бастады.

Сонда мен тұрып айттым: - Тоқта, канденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайыңды берер, - деп. Біраз қарап тұрсақ та кішкентай канденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты: - Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, канденге тимей тұр, - деді.

Әңгіме. Үнді
Ертегі. Үш қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу