Ашық сабақтар топтамасы. Қазақ әдебиеті. Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 06-10-2019 720

Астана қаласы

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Әбдірасұл Жұмагүл Тастемірқызы



Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қонақтар»

Кейіпкерлер жүйесіне талдау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: әңгімедегі кейіпкерлер сипатын сан қырынан жан-жақты ашқыза отырып, мінездеме беру, портретін тапқызу, типтік образ туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық мақсаты: топқа бөліне отырып ой бөлісуге, талдау пікірлерін қалыптастыруға дағдыландыру

3. Тәрбиелік мақсаты: өнер-білімге, шығармашылық ізденуге баулу.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Қажетті материалдар: тірек сызбалар, кестелер, портреттер, электронды оқулық.

І саты. Үй тапсырмасы тексеріледі. Тақырыбы: М.Әуезов Қонақтар

Кестемен жұмыс /жұпта, топта жариялау/

№ Кейіпкер өмірге деген көзқарасы немесе қоғамда- ғы пози- циясы Маған ұнаған адамгерші-лік қасиеттері Оның бойындағы жағымды/жағымсыз қылықтары туралы мен не ойлаймын? Мен осы кейіпкердің образынан өзіме не түйдім?


Жаңа сабақ мақсаты, тақырыбы хабарланады. Әңгімедегі кейіпкерлердің жазушы суреттеуіндегі портретін, мінезін талдай отырып, өмірдегі тұлғалық орындарын тани білу. Сол себепті бүгінгі сабағымызда үш ауылға бөлініп отырмыз.

І саты Қызығушылықты ояту сатысы

1-тапсырма. Портрет дегеніміз не? Шығармадан кейіпкер портретін тауып оқыңдар.

- «Абай» ауылы Абай, Әйгерім портреттерін

- «Біржан сал» ауылы Біржан портретін

- «Әмір» ауылы Әмір портретін /Үш тұлғаның суреті көрсетіледі/

2-тапсырма.

Берілген тапсырманы оқулықтан тауып, мазмұнын айта отырып, кейіпкердің бойындағы қасиеттерін дарала.








/Топта талқылау, жариялау/

Типтік образ туралы түсінік беріледі

Ойтолғаныс. Абай – Біржан - Шәкәрім үндестігі

/Ән айту/

Біржан, Абай, Шәкәрім бүгінгі заманда болғанда нені жырлар еді?

Қорытынды. Өнерім-өмірім

Үйге тапсырма: Шығармаға дайындық «Өнерліге өріс кең»

Бағалау


Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. «Атаның баласа емсе, адамның баласы бол»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу