Жас жұбайларға бата

Oinet.kz 06-09-2020 729

Айналайын, құлыным!

Ғұмырымдағы тынысым!

Маңдайымдағы ырысым,

Тілегімізді ақтасаң,

Әрқашанда ірісің.

Ай мен Күндей жарасып,

Бір - біріңе қарасып,

Шалқып шықсын күлісің,

Оңалар сонда жүрісің.


Айналайын, келінім!

Құтты болсын, қосағың!

Екеуіңе бақ тілеп,

Тілегіме қосамын!

Ырыс, байлық кетпесін,

Маздап жансын ошағың.

Жарыңменен жарасып,

Мәңгі бірге жасағын.

Ата - ананың тілегі:

Сендерсіңдер жүрегі.

Намысты болсын ұлдарың,

Гүлдей өссін қыздарың.

Тәтті болыңдар мәңгілік,

Сонда мен де ырзамын.

Ұрыс - керіс болмасын

Алла тілегімді қолдасын!

Тіл - көзден Құдай сақтасын!

Келін - бала, тілегімді ақтасын!

Әумин!

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Әміре Қашаубаев өмірі
Ашық сабақ. Наурыз мерекесі туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу