Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 07-10-2017 584

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан біз баспасөз бетінде көп жылдар бойы басылып келген мәліметтерге сүйендік.
С. Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Болашақ ақынның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) кедей, момын шаруа болған деседі. Сұлтанмахмұт бала кезінде әуелі өз үйінде, кейін ауыл молдаларынан оқып хат таниды. 1912 жылдары зейінді, талапты жас жігіт оқу іздеп Тройцкіде бір қыс оқығаннан кейін ауруға шалдығады. Содан ол сол маңдағы бір ауылға бала оқытады. Күз қалаға қайта барып, Айқап журналының редакциясына хатшы болып орналасып, онда 1914 жылға дейін істейді. Айқапта жерген кезінде ақын көптеген өлең, мақалаларымен бірге Қамар сұлу атты романын да жазады. Сұлтанмахмұт 1914 жылдың көктемінде Айқап редакциясынан шығады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде поэмалар мен романдар да өз заманындағы көптеген келелі мәселелерді көтеріп, бір жағынан, қожа - молдаларды, бай - билерді жер - жебіріне жеткізіп шенесе, екінші жағынан, еңбекші бұқараның тілек - арманын, оқу - білім алу керектігін баса айтатын болады. Ақын өз өмірінің ішінде бай мұра қалдырып, сол кездегі көкейкесті мәселелердің бәріне белсенді түрде қатысады, осыған орай жас жазушының жаза басқан, қателескен кездері де болады.

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Спандияр Көбеев өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Мұхаметжан Сералин өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу