Тәрбие сағат: Білімді мыңды жығар

Oinet.kz 07-09-2020 831

Тақырыбы: Білімді мыңды жығар.

Мақсаты:  Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау. Өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд

Сабақтың барысы:

I.  Қызығушылығын ояту.

-          Психологиялық  дайындық:

Қанаттанып, талаптанып,

Биіктерге самғаймыз.

Қыран құстай қанат қағып,

Асуларды шарлаймыз.

Ә) Армысыздар оқушылар! Еліміздің ертеңі , халқымыздың болашағы  сендерсіңдер.Сендер тек білімдеріңмен еліміздің даңқын арттыра аласыңдар. Бүгінгі өткізгелі отырған интеллектуалдық ойынымыз сендердің ой-өрістеріңді кеңейтіп, есте сақтау қабілеттеріңді шыңдап, білімге қызығушылықтарыңды арттырады.

 Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

                                       1-кезең:  «Кім жылдам?»

                                       2-кезең:  «Ойлан тап!»

                                       3-кезең:  «Ғажайып сурет.»

                                       4-кезең:   «Жұбын тап!»

II. Мағынаны тану:

Мұғалім:  Білмеймін деп қысылма,

                                Талабың болса бойыңда.

                                Өнерлінің ырысы,

                                Жарқырап жатыр бойында.

1-кезең:     «Кім жылдам?»

1).  Сиырдың баласын қалай атайды?

2).  Жұлдыздар қай кезде пайда болады?

3).  Үй жануарларын ата.

4).  Қызанақтың түсі қандай?

5).  Балыұ қайда болады?

6).  Жыл мезгілдерін ата.

7).  Т қандай дыбыс?

8).  Жапырақ  қай кезде сарғаяды?

9).Тудың түсі қандай?

10). Қ.Р. Президенті кім?

11). Жемістерді ата.

12). Қыстың көркі не?

13). Ә қандай дыбыс?

 

2-кезең: «Ойлан тап!»

1)      Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (кітап)

2)      Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(күн)

3)      Күндіз бәрі  қашады,

Түнде аспанды басады.(жұлдыз)

4)      Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады. (сағат)

3-кезең:  «Ғажайып сурет»  (бұл бөлімде оқушылар өз беттерімен сурет салады)

Мұғалім:     Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік.

                      Бұл кезеңде ғажайыпқа берелік.

                     Арамызда тапқыр достар көп екен.

                      Соларды енді жарыстырып көрелік- деп оқушыларға сурет салдыру.

 

4-кезең:  «Жұбын тап!»  (берілген 2 бағандағы сөздерді сәйкестендіреді).

Алыс                                   қара    

Жоғары                             сары

Ақ                                       жақын

Сап                                     төмен

Жылқы                             боздайды

Қой                                    ақырады

Түйе                                  кісінейді

Арыстан                          маңырайды

III.Ой толғаныс.    (  Жиналған ұпайлары бойынша жеңімпазды анықтау.)

Балалардың  білімі  құтты болсын!

Денсаулығы әрқашан мықты болсын!

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын!

                        

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Жаяу Мұса Байжанұлы өмірі мен шығармашылығы
Дүниежүзілік адамзаттың психикалық денсаулығын қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу