Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

Oinet.kz 07-10-2017 781

Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай - ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады.
Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады.
Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 жер үсті дүмпуін байқайды.
Жер сілкінісі жер қыртысында немесе жер мантиясында болады.

Жер сілкінісінің төрт түрі бар.
Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.
Жанартаулық жер сілкінісі - жанартаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.
Опырылма жер сілкінісі - жердің опырылуынан, қопарылуынан болады.
Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.

ҚҰТҚАРУ ӘЛІППЕСІ ЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ІС - ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫСҚАША НҰСҚАУЫ
ЖЕР СІЛКІНУ.
Жер сілкінуіне дейін:
Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т. б. Сіздің алдын - ала құрған «сценарийіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.

Алдын - ала дайын болыңыз:
• Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
• Үш күнге жететін тамақ пен су;
• Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
• Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
• Жылы киім мен аяқ киім.

Алғашқы жер сілкінісі кезінде:
• Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бермеңіз;
• Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
• Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
• Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
• Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
• Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
• Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер көшеде болсаңыз:
• Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
• Ғимараттың алдын кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
• Ашық алаңда қалыңыз, жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз
Есте болсын!
Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
• Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
• Сынған терезелердің құлауы;
• Үзілген электр желілері;
• Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
• Өрт;
• Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез - құлқы.

Егер сіз алдын - ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісінен кейін:
• Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
• Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
• Радиоқабылдағышты қосыңыз;
• Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
• Ашық отты пайдаланбаңыз;
• Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.

Күз мезгіліне арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Сабақ жоспары: у=ах2 функцияларының графиктері және қасиеттері.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу