Өзін-өзі тану. Тәрбие сағат. Қайсарлық пен батылдық

Oinet.kz 07-09-2020 972

Тақырыбы: Қайсарлық пен батылдық

Мақсаты: қайсарлық пен батылдықтың адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру.

Міндеттері:

- «қайсарлық», «батылдық» ұғымы туралы түсіндіру;

- Ерік - жігер, табандылықтарын дамыту;

- Қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге тұрып, Б. Тәжібаевтың «Әлия» әнін орындайды.

Ойланайық, пікірлесейік

- Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың? Олардың шешімдерін қалай табасың?

- Жиі тәуекелге барасың ба?

- Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласың ба?

- Адам неліктен көзсіз батылдыққа барады?

Оқып үйренейік

М. Кемеловтің ізімен

• Мәтінді оқығанда қандай ой түйдің?

• Өзің ерік - жігеріңді шыңдаудың қандай амалдары мен жолдарын жасар едің?

Сұрақ - жауап

- ірі істердің жүзеге асуы көбіне ұсақ нәрселерге байланысты дегенді қалай түсінесің?

- Күрескендер жеңілуі мүмкін, күреспегендер жеңіліп қалғандар дегенді түсіндіріп бер

- Жоғалтпасаң - таппайсың, болмаса - жоғалтпайсың?

- Өздері бір нәрсе істеуге тырысқан адамдарға ғана тағдыр оңынан келеді дегенді қалай түсінесің?

- Кездескен қиындыққа қиналма, ол жеңу үшін берілген дегенді қалай түсінесің?

Тапсырма:

Құрбыларыңмен «ерлік деген не?» тақырыбында сұхбат жүргізіңіздер

• Сіздің аты – жөніңіз

• Ерлік дегенді қалай түсінесіз?

• Сіз өз өміріңізде ерлік жасап көрдіңіз бе?

• Өз ауылымызда өмірі ерлікке толы кісі бар деп айта аласыз ба?


Жаңа ақпарат

• Адам рухының күштілігі мен әлсіздігін қалай білуге болады?

• «Мен нені таңдадым», «қолымнан не келеді?», «не істеуге тиіспін?» деп ойлап көрдің бе?

• Өмірі ерлікке толы жандардың өмірі сізге сабақ бола ма? Әлде оны аңыз сияқты қабылдайсыз ба?

Мәтінмен жұмыс «Оқып үйренейік» айдарында берілген Қ. Қайсеновтің естеліктерінен үзінді

Қ. Қайсенов

1. мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

2. батырларды ерлікке жетелеген қандай күш деп ойлайсыңдар?


Назар аударыңдар

Б. Момышұлы

Тапсырма

Төмендегі пікірлерді қарап шығып онымен қаншалықты келісетіндеріңді білдіріңдер

1. Егер қаласа адамның қолынан көп іс келеді.

2. Қиындықты қашанда жеңуге болады.

3. Адамға әркез қайсарлық пен батылдық керек.

4. Өмірі ерлікке толы жандар мені өз өміріме сын көзбен қарауға итермелейді.

5. Өз күш жігерімді жұмылдыру арқылы қиындықтардан шығуыма болады.

22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара сценарийі
Ғабиден Қожахмет. Тойға арналған тілектер. Ұзатты бүгін жар ғып боталарын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу